---
title: "Қар... Ыстық... Өмір..."
description: "Терезенің ар жағында қар жапалақтап жауып жатыр. Дала температурасы нольдің шамасында... Ішкі дүнием..."
author: "poetry"
published: "2009-11-08T05:27:17+00:00"
modified: "2009-11-08T05:27:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ar-ysty-mir-21401"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ar-ysty-mir-21401/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қар... Ыстық... Өмір...

> Терезенің ар жағында қар жапалақтап жауып жатыр. Дала температурасы нольдің шамасында... Ішкі дүнием...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/poetry/6bbRZM91iP00I1KRV1C4haAE2WcLzl.jpg) Терезенің ар жағында қар жапалақтап жауып жатыр. Дала температурасы нольдің шамасында...

Ішкі дүнием суыққа толыпты... Тер болып ағып жатыр... Температура өлшеуіш қырық градус шамасын көрсетуде... Компьютерім қосылып тұр... Ойнап жатқан әуен де қайғылы... "Сәт" триосының "Көнбегенде қайтеміз..." әні...

Ішім жанып бара жатыр... Басым мең-зең... Басыңды жастықтан көтере алмай жатқан кезде ғана өмірге деген сүйіспеншілігің артады екен, шіркін... Алғашында буындарым қақсап, денем екі күн бойы түршіккенде, теледидардан небір аурулар жайлы естіп жатқанда, жаныңды шүберекке түйеді екенсің... "Құдай сақтасын" деп қорқынышты ары ысырып, күнделікті күйбелеңді сағынады екенсің...

Бұдан былай сау кезімде өмірдің осыншама тәтті екенін ұмытпайын деп тілеймін...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ar-ysty-mir-21401](https://yvision.kz/kk/post/ar-ysty-mir-21401)