---
title: "Арғы күні хоккейден Әлем чемпионаты басталады"
description: "Жұма күні Чехияда хоккейден Әлем чемпионаты басталады. Ол 10-26 мамыр аралығында өтпек. Қазақстан құрамасы Прагаға 5 мамырда барып, 7 мамырда сол жерде Ұлыбритания командасымен жолдастық матч өткізді . Бұл ойында біздің хоккейшілер 5:2..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-08T03:59:22+00:00"
modified: "2024-05-08T03:59:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ar-y-k-ni-hokkeyden-lem-chempionaty-bastalady-1004389"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ar-y-k-ni-hokkeyden-lem-chempionaty-bastalady-1004389/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Арғы күні хоккейден Әлем чемпионаты басталады

> Жұма күні Чехияда хоккейден Әлем чемпионаты басталады. Ол 10-26 мамыр аралығында өтпек. Қазақстан құрамасы Прагаға 5 мамырда барып, 7 мамырда сол жерде Ұлыбритания командасымен жолдастық матч өткізді . Бұл ойында біздің хоккейшілер 5:2...

*Жұма күні Чехияда хоккейден Әлем чемпионаты басталады. Ол 10-26 мамыр аралығында өтпек. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/633dc44b930dc8268b1d875f70d7e6.jpg)

Қазақстан құрамасы Прагаға 5 мамырда барып, 7 мамырда сол жерде Ұлыбритания командасымен жолдастық матч өткізді . Бұл ойында біздің хоккейшілер 5:2 есебімен жеңіске жетті. Гол соққандар – Никита Михайлис, Аркадий Шестаков және Роман Старченко.

Енді Қазақстан командасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сайысқа түседі.

**Ұлттық құрама тізімі мынадай:**

**Қақпашылар: **Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»);

**Қорғаушылар: **Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы - «Барыс») Артём Королёв, Мәди Диханбек (екеуі - «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал», Ресей), Валерий Орехов («Металлург», Ресей);

**Шабуылшылар:** Әлихан Әсетов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Роман Старченко, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков (барлығы - «Барыс»), Олег Бойко («Номад»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі - «Металлург», Ресей), Кирилл Панюков («Амур», Ресей)9

Біздің хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда ойын көрсетіп жүр. Олар биылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын 11 мамырда Франция құрамасына қарсы өткізеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ar-y-k-ni-hokkeyden-lem-chempionaty-bastalady-1004389](https://yvision.kz/kk/post/ar-y-k-ni-hokkeyden-lem-chempionaty-bastalady-1004389)