---
title: "Аптаның қызықты материалдары #6"
description: "Бүгін көктемнің алғашқы демалыс күні, ал біз болсақ, сіздерге әдеттегідей осы аптаның мәдени матери..."
author: "Arsik"
published: "2012-10-25T19:27:00+00:00"
modified: "2012-03-02T21:50:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-6-237663"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-6-237663/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аптаның қызықты материалдары #6

> Бүгін көктемнің алғашқы демалыс күні, ал біз болсақ, сіздерге әдеттегідей осы аптаның мәдени матери...

![Аптаның қызықты материалдары #6](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/m3egFT3n60OAWdztL1q4X65bxdW5bk.jpg)

*Бүгін көктемнің алғашқы демалыс күні, ал біз болсақ, сіздерге әдеттегідей осы аптаның мәдени материалдарын ұсынамыз.*

**Бізге қандай айтыс қажет?**

![Аптаның қызықты материалдары #6](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/nIVynr05T5MGKKB51T2Jwg6Ei4BaJw.jpg)

1984 жылдан бері айтысқа 150-ден астам машина тігіліпті. Көлік мінбеген кейінгі шыққан Фархат Маратұлы, Қайнар Алакөзов сынды жас ақындар болмаса, айтыскерлердің алды кемінде он бес-жиырма машинадан мінді. 17 жасында сахнаға шығып, 12 жыл айтыста ойқастаған, жақында ғана айтысты қойғанын мәлімдеген Ринат Зайытов он машина алыпты. Жиырма бір жасар Жандарбек Бұлғақовтың да жүлдесі онға таяпты ([жалғасы](http://www.halyksozi.kz/news/view/id/1296)).

**«ОСКАР» АЛҒАН «АРТИСТ»**

![Аптаның қызықты материалдары #6](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/qbK660ZSzNm4KyfcWr5lPAV8h7nBGA.jpg)

Францияда той. 84-мәрте таратылған «Оскар» француздың «Артист» картинасына бұйырды. Ел президенті Саркози триумфаторларды ресми түрде құттықтап та үлгерді. Әдетте америкалықтардың өзінен артылмайтын «Оскар» қалайша шетелдік жұмысқа бұйыра қалды ([жалғасы](http://www.halyksozi.kz/news/view/id/1295))?

**Дулат ИСАБЕКОВ: БІЗДІҢ АУЫЛҒА КӨКТЕМ КЕЛГЕНДЕ...**

![Аптаның қызықты материалдары #6](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/L3aCcB54npNMqfDS96BaZVkCGuEqQz.jpg)

Бала кезімізде көктем келісімен той-томалақтың дәуірі басталып кететін. Ол кез елдің ашаршылық, соғыстан кейін ес жия бастаған шағы. Жоқшылықтың қамытынан әлі арылмаған дәуір. Той үшін ел барын салып, түрлі тағамдар дайындап, келген адамдарға тартып жататын. Сол тағамдар біз үшін керемет дәмді болып көрінуші еді. Бұл тек қана тамақ ішудің мерекесі емес, қыстан аман-есен шыққан адамдардың қауышу тойы іспеттес-тін ([жалғасы](http://www.halyksozi.kz/news/view/id/1290)).

**ҚАЗҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап**

![Аптаның қызықты материалдары #6](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/PtfOz5nICcf037Qho7hcg4TgG60wYz.jpg)

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен «Жас қазақ» газеті бірігіп, жаңа жобаны қолға алды. Алғаш рет студент оқуға тиіс 100 кітаптың тізімі жасалып, ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесінде бекітілді. Осыған орай ҚазҰУ-де дөңгелек үстел өтіп, жоба жайлы университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен әдебиетші ғалымдар ойын ортаға салды ([жалғасы](http://jasqazaq.kz/post/%D2%9Baz%D2%B1u-student%D1%96-o%D2%9Bu%D2%93-ti%D1%96s-100-k%D1%96tap)).

**Мас қылған махаббат**

**

![Аптаның қызықты материалдары #6](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/6Al30Noduo72FlInac7Cz394VktzR9.jpg)

**

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында белгілі француз жазушысы Проспер Мерименің «Кармен» атты туындысы көрермендерге жол тартты.Бұл спектакль опера, мюзикл, балет түрінде әлем сахналарында талай рет қойылып жүргенімен, драмада алғаш рет көрермен назарына ұсынылып отырған көрінеді. Қойылым режиссері Талғат Теменов: «Біз бұл қойылымды драмаға лайықтап, көрермен назарына ұсынғалы отырмыз ([жалғасы](http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=12866&Itemid=44)).

**Қазақ сахнасында – қырғыз ханшасы**

**

![Аптаның қызықты материалдары #6](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/K49716qHslh4I9N9Ez3E6Fh4kzU1Ko.jpg)

**

2011 жылы ақпан айында құрылған Айгүл Иманбаеваның жеке драма театры қырғыз жазушысы Сұлтан Раевтың «Ханшаның көз жасы» атты драмасын сахналады.Жалпы, қойылымда бес-ақ адамды көре аласыз. Шындап келгенде, спектакль абстракцияға құрылған. Ол жерде бес адам ойнап тұрғанымен, Құрманжан Датқадан өзгелері шартты денелер. Ауыр әрі фәлсәфаға толы қойылым барысында Құрманжан Датқа сан түрлі ойдың шырмауынан шыға алмай, біраз қиналады ([жалғасы](http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=12814&Itemid=44)).

**Шәмшісіз өткен 20 жыл...**

**

![Аптаның қызықты материалдары #6](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/fniZSW0ogdanRHp1rs55SyJNKpMHbG.jpg)

**

Төрт жылда бір келетін 29 ақпан – қазақ халқының Шәмшідей аяулы перзентінен айырылған күні. Биыл, міне, халқымыз Шәмшісіз 20 жылды өткерді. Осыдан дәл 20 жыл бұрын Шәмшідей ән арысы өмірден озғанда «Ән аға» немесе «Шәмшімен сырласу» әні туған еді. Халқын шексіз сүйген Шәмші – өз халқына қандай ән керектігін түйсіне білген, қазақ өнеріне жаңа леп алып келген реформатор ([жалғасы](http://www.alashainasy.kz/culture/31699/)). ** **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-6-237663](https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-6-237663)