---
title: "Аптаның қызықты материалдары #3"
description: "Достар, мәдени материалдар легін жалғастырамыз. Осы аптада мәдениет саласында не қызық болды, қан..."
author: "Arsik"
published: "2012-10-24T15:10:00+00:00"
modified: "2012-02-10T22:01:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-3-226004"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-3-226004/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аптаның қызықты материалдары #3

> Достар, мәдени материалдар легін жалғастырамыз. Осы аптада мәдениет саласында не қызық болды, қан...

![Аптаның қызықты материалдары #3](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/2CZq6xEU4D162fgb8K9NlsG8PAJ72r.jpg)

*Достар, мәдени материалдар легін жалғастырамыз. Осы аптада мәдениет саласында не қызық болды, қандай өзгерістер? *

**Мұқағали Мақатаевтың туғанына 81 жыл!**

**

![Аптаның қызықты материалдары #3](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/tlUrmLJjPtJpMMH7vP3664bt4CPQAD.jpg)

**

Жалғыздық пен мұң шарабына сылқия тойған сезім көк аспанға көтерілді де, көз ұшында мұнартып тұрып-тұрып, күллі әлемге "қош!" деді де, жоқ болды. Күмбез бауырында қалықтап аппақ із қалды...

Ол Мұқағали деген арда туған ақиық ақынның салған ізі болатын. Жүректен жүрекке жетіп, көңіл пернесін дөп басқан поэзияның салып кеткен өшпес таңбасы болатын ([жалғасы](http://massaget.kz/bilim/negeli-mir/566)).

**Кино түсірмеудің 9 жолы**

**

![Аптаның қызықты материалдары #3](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Q2nUie94pTTkMn35wPvp37HGiMPW3G.jpg)

**

Қазір «қазақ киносы қандай болуы керек?» деген тақырыптың ту-талақайы шықты. «Қыз Жібек» пен «Қожаны» айта-айта аллергия пайда болды. Олай қиналғанша, «қазақ киносы қандай болмауы керек?» десеңіз, жауап табу оп-оңай. Өйткені, бізде «мынандай бол» дегеннен гөрі «мынандай болма» деп нұсқайтын мысалдар әлдеқайда көбірақ. Өкінішке қарай. Біз бүгін қазаққа ұнамайтын кино түсірудің 9 жолын ұсынғалы отырмыз ([жалғасы](http://jaqsy.kz/story/715)).

**ҚАЗАҚҚА КЕРЕК КІТАП**

**

![Аптаның қызықты материалдары #3](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/25e9I6prEMnskv1MK0Sz5a1ADZ39aG.jpg)

**

Әлі есімде, осыдан екі жыл бұрын шамасында Алматыдағы «Орбита» ықшамауданына бағыт алған №32 автобусқа отырдым. Жасы 22-23 шамасындағы кондуктор жігіттің қолындағы қалың кітап еріксіз назарымды аударды. Теодор Драйзердің «Қаржыгері». Ол менен жолақысын алып, кітап оқуын жалғастырды ([әрі қарай](http://jasqazaq.kz/post/%D2%9Baza%D2%9B%D2%9B-kerek-k%D1%96tap)).

**ҚОРАЗБАЕВ КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫНАН НЕГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ?**

**

![Аптаның қызықты материалдары #3](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/J64TSJmdp1wuy61D5Z7HAtfgDmNfh1.jpg)

**

Белгілі сазгер Алтынбек Қоразбаев «моральдық зиян келтіргені үшін» Композиторлар одағынан шығарылды. Мән-жайға қанығу үшін одақтың өзіне хабарластық. Сөйтсек, соңғы төрт жылда одақ мүшелігінен 50 адам «қуылған» екен. Тіпті, өнер иелерін бір-екілеп емес, 20-30-дан топтап «аластап» жіберген кездер болыпты ([жалғасы](http://www.halyksozi.kz/news/view/id/1232)).

**Валентиннің үнін өшіруге бір ғана концерттің шамасы келе ме?**

**

![Аптаның қызықты материалдары #3](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/9J7330uomtfeR0uupKrbpeeo4GaSkT.jpg)

**

Кімге әулие екені белгісіз, әйтеуір біреулер үшін «әулие» атанып кеткен Валентин күні де жақындап қалыпты. Осы күнді сарылып күтетін әлемде қаншама мемлекет бар. Мұсылман дүниесі үшін ғана емес, өзге діннің де шариғатына қайшы бұл мерекенің жаһанға қалайша мәшһүр болып кеткеніне таңғаласың. Азғындықтың шырқау шегіне дейін әкеп соғатын бұл мерекеге мемлекетіміздің тарапынан осы күні әлі тыйым болмай тұрғанына қарның ашады ([жалғасы](http://alashainasy.kz/culture/31172/)).** **

**Сахнада – «Спартак»**

**

![Аптаның қызықты материалдары #3](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/aVhVQQONT7B6SRBxqT8wYl6r5c95z4.jpg)

**

12 ақпан күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Зауырбек Райбаевтың 80 жасқа толуына орай, Арам Хачатурянның «Спартак» балетін сахналайды ([жалғасы](http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=12461&Itemid=34)).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-3-226004](https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-3-226004)