---
title: "Аптаның қызықты материалдары #20"
description: "Дос Көшім. Ұлт пен Мемлекеттің намыс туралы түсінігі бірдей емес екен... Қытай Халық Республикасыны..."
author: "Arsik"
published: "2012-11-12T15:55:00+00:00"
modified: "2012-11-03T23:42:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-20-300136"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-20-300136/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аптаның қызықты материалдары #20

> Дос Көшім. Ұлт пен Мемлекеттің намыс туралы түсінігі бірдей емес екен... Қытай Халық Республикасыны...

![Аптаның қызықты материалдары #20](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/bHHhMvTp4XnZ9asH4p16j4511vsMd6.jpg)

**Дос Көшім. Ұлт пен Мемлекеттің намыс туралы түсінігі бірдей емес екен...**

Қытай Халық Республикасының интернет ақпарат құралдарының ішіндегі ықпалды, таралымы кең электронды ақпарат құралдарының бірі болып саналатын Шинлаң (sina.com.cn) сайтында Қазақ халқының салт-дәстүрін бұрмалау, қорлау, және мазақ ету мақсатымен жазылған мақала жарық көрген болатын. «Естелік» ретінде жазылған мақаланың авторы Хұң Бау: деп, Қазақтың салт-дәстүрінде жоқ, Қазақ халқының ұлттық ар-намысына тиетін жалған оқиғаны өз басынан өткен шындық ретінде жариялады ([жалғасы](http://ult.kz/kz/article/view?id=735)).

![Аптаның қызықты материалдары #20](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/vKl4872CwxT2ey6X69b5244L37p8IS.jpg)

**Суретші мүгедек жанның өмірін комикс арқылы көрсетті**

Көрме-репортажда балалардың церебральды сал (ДЦП) сырқатымен ауыратын Бақытжан Жұмановтың күнделікті тіршілігі комикстер арқылы көрсетілген. Көрмеге 50 жұмыс қойылған.

Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың да кәдімгі адам екенін, олардың талғамы мен әдеттері дені сау адамдардың әдет-дағдысынан айырмасы аз екенін көрсету, мүгедек жандардың проблемаларына қоғам назарын аудару ([жалғасы](http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_the_artist_described_the_patiens_with_serebral_palsy_via_comics/24758590.html)).

![Аптаның қызықты материалдары #20](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/XkCW3h9Y2XFg93mDnD9WBl211437K2.png)

**«Ешқандай кінә таға алмаймын»**

*- Бүгінгі бұлтарысы мен бұрылысы көп қоғамдағы қазақ жастарына көңіліңіз тола ма?*

- Алдыңғы буынның кейінгі жастарға көңілі толмайтыны әркезде, әр ғасырда да болған. «Қазіргі жастар бұзылған... Өзіміз кезінде...» деген сөзді біз де естігенбіз, біздің ата-аналарымыз да өз әке-шешелерінен, ал олар өздерінен бұрынғылардан естіген. Тіпті, жастарға көңілі толмаушылық ғұлама ғалым әл-Фарабидің ескі жазбаларында, трактаттарында да кездеседі екен. Алайда, әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен талабы болады. «Жастарымыз жаман» дегенде кім бізге жақсысын бере салады? «Не ексең соны орасың». Өзіміз қандай болсақ, жастар да сондай ([толығымен](http://saryarka-samaly.kz/component/content/article/198-zhaalytar/8434-leshandaj-kin-taa-almajmynr)).

![Аптаның қызықты материалдары #20](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/6ioj65vWpuSfi1UgtkBcKIkfpjidie.jpg)

**ОЛПЫ-СОЛПЫ ОНОМАСТИКА**

*«Время», «20-линия», «Ачинская», «Нарвская» һәм тағы басқалар*

Ұлттық ойынымыздың бірі – асық ату. Қазақтың әр баласы кішкентайынан «шік түсті, бүк түсті» деп асық ойнап ержетеді. Үлкендер жағы: «Асығың алшысынан түссін!» – деп ақ батасын беріп жатады. Аз сөзбен айтқанда, асық бізге жат емес. «Время» газеті Павлодардағы асыққа қойылған ескерткішті «күлкіге» айналдыруға тырысады. «Бұрынғы «тырналар» бейнеленген ескерткіші жақсы болыпты-мыс. «Мұндай жаңа құрылыстар жергілікті биліктің тамағына «сүйек» болып тұрып қалған-ау», – деп павлодарлықтар әзілдейтін көрінеді». Бұл орысша газеттің әдеттегі қазаққа, оның діні мен тіліне, салт-дәстүріне келгенде үстінен құс ұшырып, астынан ит жүгіртетін пиғылы. Әйтпесе, атамыз ойнамаған асық па бұл?! ([жалғасы](http://jasqazaq.kz/post/olpy-solpy-onomastika))

![Аптаның қызықты материалдары #20](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/5Iaqi2rhmDu9hwdpjVdC2JX6GEAkTD.jpg)

**"Орда" тобының концерті өтті**

Кеше, Алматының бас сахнасы Республика Сарайында танымал қазақ бойз-бенд "Орда" тобының жеке концерті өтті. Жанды дауыс, заманауи билер, жарықтандыру мен дауыс сапасы көрермендердің көңілінен шықпай қоймады.

Басталуы жарты сағатқа кешіккен концертті Орда тобының фанаттары сабырлықпен күтіп отырды. Бұл 12 жыл өнер көрсетіп жүрген жігіттердің тек екінші жеке концерті екенін есепке алсақ, концертке топтың өнерін сүйіп тыңдайтын нағыз жанкүйерлер жиналғаны көрінді ([жалғасы](http://massaget.kz/madeniet/music/5287)).

![Аптаның қызықты материалдары #20](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/3WQwGXJLPNEjceo05Dd445TA356HZb.jpg)

**Қазақ қарызға өмір сүруге неге құштар?**

Бүгінде Қазақстанда банкке қарызы жоқ адам кемде-кем. Ақшаны тегін беріп жатқандай алады, ал артынан еселеп қайтаруға қауқары жетпей, өз-өзіне қол жұмсау фактілері жиілеп барады. Батыстан енген осы бір несиеге өмір сүру үлгісі біздің қоғамда сәнге айналғандай, пайыздық үстемеақысының шарықтап тұрғанына қарамастан, жыл өткен сайын несие алушылар да, қарыздың көлемі де артып келеді. Психологтер «несиеге құштарлық – ауру» десе, экономистер «банк қарапайым халықтың қаржылық сауатының төмендігін пайдаланып, алдап отыр» деген пікірде.

Несие алу – ауру

Павлодарда жас жігіт ипотекалық не­с­ие­сін төлей алмай, оныншы қабаттан секіріп кеткен. Алматыда қарызға белше­сінен батқан әйелдің жүйкесі сыр беріп, жындыханадан бір-ақ шыққан. Шымкентте де борышкер асылып өлген. Бұл – соңғы жылдары орын алған фактілердің елге жария болған бірнешеуі ғана. Өкінішке қарай, банктегі қарыздарын өтей алмай, өз-өзіне қол салу қазақ қоғамында жиілеп кетті. Сонда банктердің мақсаты табысы аз тұрғындарға қол үшін беру ме, әлде оларды ажал апанына итермелеу ме ([жалғасы](http://alashainasy.kz/society/37824/))?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-20-300136](https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-20-300136)