---
title: "Аптаның қызықты материалдары #15"
description: "\"Жылатқаның неткенің\" - ғашық жанның шынайы бейнесі Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы әнші-сазгер Р..."
author: "Arsik"
published: "2012-11-01T21:00:00+00:00"
modified: "2012-05-18T19:10:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-15-262854"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-15-262854/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аптаның қызықты материалдары #15

> "Жылатқаның неткенің" - ғашық жанның шынайы бейнесі Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы әнші-сазгер Р...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/m8XCJmR9AYImbE7xSYYuY3fV9sk4LA.jpg)

**"Жылатқаның неткенің" - ғашық жанның шынайы бейнесі**

** **Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы әнші-сазгер Роза Әлқожаның орындауындағы «Ақберен» әні ел назарына ұсынылған сәттен-ақ, шоқтығы биік әндердің қатарына қосылды. Ән жұртшылыққа «Жылатқаның неткенің?» деген атпен жақсы таныс.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/aj4pM8tr5wMTzBZhJIXMxI4DTc5Jel.jpg)

«Ақберен» немесе «Жылатқаның неткенің?» - өз тыңдарманын ой тұңғиығына терең батыратын ән. Бұл әннің әуенін де, сөзін де белгілі айтыскер ақын Ақмарал Леубаева жазған ([жалғасы](http://massaget.kz/madeniet/music/1952)).

**Абай ескерткіші: Алматыда - жиын орны, Мәскеуде - қарсылық символы**

Акция орындарын ауық-ауық ауыстырып келе жатқан Ресей оппозициясы өкілдері өткен түні тағы да Мәскеудегі Чистые пруды тоғанының қасындағы Абай ескерткішінің маңына қонып шықты. Ақпарат бойынша, онда кемінде 150 азамат түнеген.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/UUjS06o6b69aPiywd41Pa5zQyNjLXo.jpg)

Владимир Путиннің инаугурациясынан бері акцияға шыққан шара белсенділерін полицейлер ұстай бергеннен кейін олар қарсылық шарасының осындай жаңа тәсіліне көшкен ([жалғасы](http://www.azattyq.org/content/moscow_abai_monument_occupy_abai/24577154.html)).

**Қанайұлы, қайдасыз?**

Биліктің Бұқар жырауы болар деп үміттенген Бекболат Тілеухан ақыры осы рөлді экранда ғана сомдаумен тоқтады. Онда да орнынан қалбайып тұрып, қорбаң етіп көрісіп амандасты Әбілқайыр ханмен. Соңғы күндері көп әңгіме болып жүрген «Жаужүрек мың бала» көркемфильміндегі эпизодтық рөлі ғой, талай нәрсені еске салып отырған.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/powc0frTI3ga4PIZfmQwdrK93aY4GS.jpg)

Күлбілтелеп неғыламыз, халықтың бірінші сұрап жүргені мынау: «Бекболат Тілеухан Мәжілістің жаңа құрамына неге енбей қалды? Бұл оған қатысты айтылып жүрген түрлі алып-қашпа әңгімелердің рас болып шыққанын білдіре ме? Әлде, Бекеңді қолдап жүрген адамдар оған «шу басылғанша, көлеңкеде тұра тұр» деген нұсқау берген бе?» ([жалғасы](http://www.halyksozi.kz/news/view/id/1483))

**Әлемдік музыкаға электр домбыраны әкелген топ**

Әне-міне дегенше, «Алдаспан» тобының әуендері әлемдік чарттың алғашқы орындарына шықты. Қазақ даласының көне дәуірден бергі музыкасы дүниежүзіне тұңғыш рет ауыр рок стилімен астаса естіліп жатыр. Металл жанрында қазақ домбырасының қоңыр үні пайда болды!

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/P0M8Vra0lXKO7aWqP6WX75f7DZOCu5.jpg)

Алдаспан» этно-рок тобының құрыл­ғанына бір жыл болды. Бірақ рок-музы­каны домбырамен орындау шындық­қа оп-оңай айнала қойған жоқ. Топ жетекшісі Нұржан Тойшының айтуынша, оған дом­бы­раны электр гитараға бәсекелес ету идея­сы ең алғаш 80-жылдардың соңында келген. Орыс мектебінің оқушысы қатар­ластарымен бірге рок-музыкаға құмар­татын ([жалғасы](http://www.alashainasy.kz/culture/33582/)).

**Бас жүлде неге бұйырмай жүр?**

Көркем гимнастика десе ішкен асын жерге қоятын қазақстандық жанкүйерлердің көзайымына айналған Әлия Юсупова жаттықтырушылық жұмысқа ауысқалы еліміздің атын шығарады-ау деген гимнастшы қыздар ішінде Анна Алябьеваның есімі ерекше аталады. Қазіргі жаттықтырушыларымыз оны «Әлияның орнын жоқтатпайды», – деп үкілеп, баптап жүрген жайы бар.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/FeqRMj8lj0FWW90O8AcmDV2k2VzFgZ.jpg)

Алябьева үмітті ақтауда. Халықаралық сындарда атышулы Ресей гимнастшыларынан кейінгі орындардың тізгінін мықтап ұстап жүрген осы қыз. Ольга Буянованың жетекшілігімен 5 лицензия үшін 25 гимнастшы сынға түскен бәсекеде үздік бестіктен көрініп, Лондон Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Осыдан екі жыл бұрын Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында осы ару қызымыз екі бірдей алтын медальға ие болды ([жалғасы](http://www.halyksozi.kz/news/view/id/1476)).

**Қалықта, шарықта, "Жас қанат"!**

Ертең елордамызда ХХІ республикалық «Жас қанат – 2012» жас орындаушылар байқауы басталады. Үш күнге созылатын бұл байқауға еліміздің әр өңірінен 16 өнерпаз қатысып, үш күн бойы үлкен сахнада баптары мен бақтарын қатар сынамақ. Дей тұрғанмен, қатысушылар, межелі күнге дейін дәстүрге айналған «бейресми» рәсімдер мен байқаудың ажырамас бөлігі саналатын шараларға қатысты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/0CB4Nt60gKQ3Ppp2NyKSsg4HNA1Kq9.jpg)

«Жасқанаттықтардың» өзара танысу, білісу дәстүрі осылай аталады. Бір-бірін қорқытып һәм бір-бірінен қорқып болғаннан соң, қатысушылар бірінші жиынға қатысты: костюмдерді тексеру, сахнаға шығу репетициясы, репертуарды ақтық рет қайталау ([жалғасы](http://www.astana-akshamy.kz/?p=2149)).

*__________________________________________________________________________*

*"Халық сөзі" сайты техникалық ақауларға байланысты бүгін ашылмауы мүмкін.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-15-262854](https://yvision.kz/kk/post/aptany-yzy-ty-materialdary-15-262854)