---
title: "«Қапшағай көпсалалық колледжі» МКҚК жатақханасына монитроинг жүргізілді"
description: "Қапшағай қалалық партия филиалының желілік кестесіне сәйкес «Қапшағай көпсалалық колледжі» МКҚК жата..."
author: "userfacebook810643133096260"
published: "2020-10-23T04:26:22+00:00"
modified: "2020-10-23T04:26:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/apsha-ay-k-psalaly-kolledzhi-mk-k-zhata-hanasyna-monitroing-zh-rgizildi-869257"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/apsha-ay-k-psalaly-kolledzhi-mk-k-zhata-hanasyna-monitroing-zh-rgizildi-869257/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қапшағай көпсалалық колледжі» МКҚК жатақханасына монитроинг жүргізілді

> Қапшағай қалалық партия филиалының желілік кестесіне сәйкес «Қапшағай көпсалалық колледжі» МКҚК жата...

Қапшағай қалалық партия филиалының желілік кестесіне сәйкес «Қапшағай көпсалалық колледжі» МКҚК жатақханасына монитроинг жүргізілді. 2020-2021 оқу жылында колледждің күндізгі оқу бөлімінде 562 студент білім алуда. Оның ішінде 408 студент бюджетте, 82 студент ақылы оқитындар. Оқу жылының басында жатақханаға орналасуға 78 студент өтініш берілді. Карантиндік шараларды сақтау мақсатында білімгерлер қашықтықтан оқуына орай, жатақхана бүгінгі күні бос. Дәстүрлі оқуға көшкен жағдайда студенттер өз бөлмелеріне орналасатын болады.

Жатақханада студенттердің тұруына жағдайлар жасалған жағдайы: тамақ жасайтын бөлме, жуынатын бөлме, әр бөлмеде – 2 жатын төсек, киім ілетін шкаф және екі есікті сөре, кілем, тоңазытқыш. Арнайы жабдықталған демалыс бөлмесі де бар.

Жатақхананың орналасу шарты «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша реттеледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/apsha-ay-k-psalaly-kolledzhi-mk-k-zhata-hanasyna-monitroing-zh-rgizildi-869257](https://yvision.kz/kk/post/apsha-ay-k-psalaly-kolledzhi-mk-k-zhata-hanasyna-monitroing-zh-rgizildi-869257)