---
title: "Антиромантика. Көзімді ойып берейін сен үшін"
description: "Жақында фб лентамды ақтарып, мынандай бір жазбаға көзім түсті: Амантай Тойшыбай. «Соқыр қыз» Су қар..."
author: "ernarito"
published: "2016-09-18T04:13:09+00:00"
modified: "2016-09-18T04:13:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/antiromantika-k-zimdi-oyyp-bereyin-sen-shin-699794"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/antiromantika-k-zimdi-oyyp-bereyin-sen-shin-699794/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Антиромантика. Көзімді ойып берейін сен үшін

> Жақында фб лентамды ақтарып, мынандай бір жазбаға көзім түсті: Амантай Тойшыбай. «Соқыр қыз» Су қар...

Жақында фб лентамды ақтарып, мынандай бір жазбаға көзім түсті:

> Амантай Тойшыбай. «Соқыр қыз» Су қараңғы зағип қыз өзін де, өзгелерді де шексіз жек көретін. Ол тек өзіне ғашық болған бір жігітті ғана жақсы көріпті. Өйткені, сол жігіт қана бойжеткенге ерекше қамқорлық жасап, анасынан да артық көңіл бөледі екен. Бойжеткен өмірді көзбен көретін сәтті күн туар болса, осы жігітке сол күні-ақ тұрмысқа шығамын деп ант етіпті. Сонымен, Құдайға қараған бір жақсы адам оған екі көзін сыйға тартып, бойжеткен бұл әлемді де, өзінің ғашық жігітін де көрген екен. Ғашығы: «Жаным, өмірді көзіңмен көретін сәтті күнің туды, енді маған тұрмысқа шығарсың?» депті. Бойжеткен жігітке көз салса, ғашығы дәл өзіндей соқыр екен. Қыз селт етіпті де, сол сәтте одан бас тартыпты. Жігіт те жылай-жылай алыстап кете барыпты. Біраз уақыттан соң жігіттен хат келіпті: «Сені мәңгіге сүйіп өттім. Менің екі көзімді өз көзіңдей көріп жүр, жаным!»

Классикалық жағдай, осыған ұқсас 2011 жылдары кореялық клип те елдің үлкен сүйіспеншілігіне ие болған еді. Елдің болғанда 14 пен 20 жас аралығындағы жастар мен бойжеткен, бозбалалар арасында.

 

Клиптің негізгі мәні мен жоғарыдағы мәтіннің ұқсастығы бар. Кореялық "Кис" тобының "Себебі мен қызбын" әнін әлемнің барша түкпірінде көріп, топ үлкен атаққа ие болды. Тіпті киносыншылар "бұл ең ғажайып кино сценариі" деген де баға береді қатысушыларға. Бірақ, сценарийстер маңызды бір дүниені ұмытып кетеді - адамның көзін өзге адамға салу мүмкін емес. Ғалымдар адам көзінің кез-келген бөлігін жасанды бөлшектермен ауыстыра алады. Алайда, өзгенің көз қиыршығын салу, және соның арқасында донордың көзінен айырылуы қаншалықты мүмкін екенін, ондай іс-әрекетке дәрігерлер көне алады ма секілді сұрақтар мені мазалайды. Романтик ақындар мен жазушылар көп дүниені жазады, әрлейді, әсірелейді, өзім де сондайлардың қатарындамын, алайда, жиі шектен шығып кететін секілдіміз.

Негізі, көз бұл

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/antiromantika-k-zimdi-oyyp-bereyin-sen-shin-699794](https://yvision.kz/kk/post/antiromantika-k-zimdi-oyyp-bereyin-sen-shin-699794)