---
title: "Антикоррупциялық қызмет оңалту орталығының кішкентай емделушілерін қуантты"
description: "Алматы облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет ұжымы «Күншуақ» облыстық балаларды оңалту орталығында ..."
author: "anticorruptionAO"
published: "2022-06-01T07:47:54+00:00"
modified: "2022-06-01T07:47:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/antikorrupciyaly-yzmet-o-altu-ortaly-yny-kishkentay-emdelushilerin-uantty-968226"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/antikorrupciyaly-yzmet-o-altu-ortaly-yny-kishkentay-emdelushilerin-uantty-968226/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Антикоррупциялық қызмет оңалту орталығының кішкентай емделушілерін қуантты

> Алматы облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет ұжымы «Күншуақ» облыстық балаларды оңалту орталығында ...

![Антикоррупциялық қызмет оңалту орталығының кішкентай емделушілерін қуантты](https://storage.yvision.kz/images/user/457637/db2d492fc900c3771e70a4f756a95c.jpg)

Алматы облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет ұжымы «Күншуақ» облыстық балаларды оңалту орталығында болып, ондағы тәрбиеленушілермен кездесті. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

![Антикоррупциялық қызмет оңалту орталығының кішкентай емделушілерін қуантты](https://storage.yvision.kz/images/user/457637/e4ea9bf685f4aa3d7f6de8a4d350dc.jpg)

Жылы сөздерін жаудырып, ізгі тілектерін білдірген департамент қызметкерлері балғындарға мереке барысында алып келген сыйлықтарын табыстады. Ал 9 жасар Амина сыйлықтан бұрын мейірімді жандардың ыстық ықыласын асыға күткенін айттып, мәз-мейрам болды.

![Антикоррупциялық қызмет оңалту орталығының кішкентай емделушілерін қуантты](https://storage.yvision.kz/images/user/457637/f05b4701121aa51cf80d7b30ca667f.jpg)

Департамент басшылығы еліміздің ертеңгі тірегі — бүгінгі бүлдіршіндер екенін айта келе, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім, жемқорлықсыз жарқын болашақ сыйлау әр азаматтың міндеті екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, ​ оңалту орталығында 5 тен 14 жас аралығындағы, жүйке жүйесінде ақауы бар жүздеген бала емделуде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/antikorrupciyaly-yzmet-o-altu-ortaly-yny-kishkentay-emdelushilerin-uantty-968226](https://yvision.kz/kk/post/antikorrupciyaly-yzmet-o-altu-ortaly-yny-kishkentay-emdelushilerin-uantty-968226)