---
title: "Анонс. «Мемлекеттің норма шығарушылық қызметін жетілдіруде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің рөлі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция"
description: "2016 жылғы 11 қарашада сағат 09:30-да Қазақстан Республикасының Заңнама институты Л. Н. Гумилев атын..."
author: "adiletgov"
published: "2016-11-10T00:59:19+00:00"
modified: "2016-11-10T00:59:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/anons-memleketti-norma-shy-arushyly-yzmetin-zhetildirude-irgeli-zh-ne-oldanbaly-ylymi-zertteulerdi-r-725356"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/anons-memleketti-norma-shy-arushyly-yzmetin-zhetildirude-irgeli-zh-ne-oldanbaly-ylymi-zertteulerdi-r-725356/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Анонс. «Мемлекеттің норма шығарушылық қызметін жетілдіруде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің рөлі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция

> 2016 жылғы 11 қарашада сағат 09:30-да Қазақстан Республикасының Заңнама институты Л. Н. Гумилев атын...

2016 жылғы 11 қарашада сағат 09:30-да Қазақстан Республикасының Заңнама институты Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп «Мемлекеттің норма шығарушылық қызметін жетілдіруде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің рөлі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Ғылыми-практикалық конференцияға Парламент депутаттары, Жоғарғы Соттың, мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми қауымдастығы қатысады.

Өткізу уақыты мен орны: Астана қ., Қ. Сәтпаев көшесі, 2, Ғылыми Кеңестің отырыстары залы, № 259 кабинетте сағат 09:30-да басталады.

БАҚ аккредиттеу «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ-де өткізіледі (Ә.С. Асқарбаева, тел.: 74-13-74, электрондық мекенжай: [zakon_iz@mail.ru(link sends e-mail)](mailto:zakon_iz@mail.ru)(link sends e-mail)).

ҚР Әділетминінің баспасөз қызметі,

тел/факс: 74-06-01

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/anons-memleketti-norma-shy-arushyly-yzmetin-zhetildirude-irgeli-zh-ne-oldanbaly-ylymi-zertteulerdi-r-725356](https://yvision.kz/kk/post/anons-memleketti-norma-shy-arushyly-yzmetin-zhetildirude-irgeli-zh-ne-oldanbaly-ylymi-zertteulerdi-r-725356)