---
title: "Анна Шевченко – екінші қола жүлдесіне қол жеткізді!"
description: "Павлодарлық шаңғышы Анна Шевченко 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың екі дүркін қола жүлдегер..."
author: "CRMI"
published: "2017-01-30T23:38:21+00:00"
modified: "2017-01-30T23:39:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/anna-shevchenko-ekinshi-ola-zh-ldesine-ol-zhetkizdi-753079"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/anna-shevchenko-ekinshi-ola-zh-ldesine-ol-zhetkizdi-753079/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Анна Шевченко – екінші қола жүлдесіне қол жеткізді!

> Павлодарлық шаңғышы Анна Шевченко 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың екі дүркін қола жүлдегер...

Павлодарлық шаңғышы Анна Шевченко 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың екі дүркін қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Алматыдан pavlodarnews.kz тілшісі.

![Анна Шевченко – екінші қола жүлдесіне қол жеткізді!](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/32I2fYBStStRzeqdRL9y9u4xQ5BKKG.jpg)

Анна бес шақырымдық із кесу сайысында мәре сызығын үшінші боп кесті. Ол қашықтықты 13:51.0 минутта жүріп өтті. Бірінші орын ресейлік Анна Нечаевскаяға бұйырды. Оның көрсеткіші – 13:29.7. Екінші орынды да ресейлік спортшы Лилия Васильева олжалады. Тағы бір жерлесіміз Ирина Быкова жарысты 18 орынмен аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, Анна Шевченко кеше бес шақырымдық классикалық жарыста қола жүлдені еншілеген болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/anna-shevchenko-ekinshi-ola-zh-ldesine-ol-zhetkizdi-753079](https://yvision.kz/kk/post/anna-shevchenko-ekinshi-ola-zh-ldesine-ol-zhetkizdi-753079)