---
title: "Анна Нұрмұхамбетова: «Жеңісімді барша қазақ еліне бағыштаймын»"
description: "– Шыны керек, біз 2-орыннан дәмелі едік. Күміс иеленсем де, жаман емес қой деп ойлағанмын. Енді бұ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-25T22:38:13+00:00"
modified: "2013-06-25T22:38:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/anna-n-rm-hambetova-zhe-isimdi-barsha-aza-eline-ba-yshtaymyn-359427"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/anna-n-rm-hambetova-zhe-isimdi-barsha-aza-eline-ba-yshtaymyn-359427/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Анна Нұрмұхамбетова: «Жеңісімді барша қазақ еліне бағыштаймын»

> – Шыны керек, біз 2-орыннан дәмелі едік. Күміс иеленсем де, жаман емес қой деп ойлағанмын. Енді бұ...

[!\[Анна Нұрмұхамбетова: «Жеңісімді барша қазақ еліне бағыштаймын»\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-19-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-19.jpg)

– Шыны керек, біз 2-орыннан дәмелі едік. Күміс иеленсем де, жаман емес қой деп ойлағанмын. Енді бұйырса, әлем біріншілігінде бақ сынайтын боламын. Дегенмен Қазандағы Универсиадаға бара алмаймын. Себебі чемпионатқа дейін біраз демалып, күш-жігерімді қайта қалпына келтіруім қажет.

Елорда төріндегі «Сарыарқа» спорт кешеніндеұйымдастырылған ауыр атлетикадан Азия біріншілігі мәресіне жетті. Елімізде үшінші рет өткізілген додада «Сары құрлықтың» 22 мемлекетінен келген 170-ке жуық зілтемірші бес күн бойыөзара мықтыны анықтады. Дүбірлі додадан кейін 75 келі салмақдәрежесінде Азия чемпионы атанған аруымыз Анна Нұрмұхамбетовамен сұхбаттасқан едік.

– Анна, таза жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістікке қол жеткізу қаншалықты қиынға соқты?

– Көп рахмет! Зілтемір көтеруге шыққан сайын өз-өзіме деген сенімім нығайа түсіп, жеңіске жақын қалғанымды сезіне бастадым.

– Үш бірдей алтынды мой­ныңыз­ға тағамын деп ойладыңыз ба?

– Шыны керек, біз 2-орыннан дәмелі едік. Күміс иеленсем де, жаман емесқой деп жүргенімде, жекелей сайыстарда да, қоссайыс нәтижесінде деүздік шықтым (күліп).

– Бұл жеңісіңізді кімге арнайсыз?

– Еліміздің ауыр атлетикасының 75 жылдығына арнаймын. Соныменқатар, жанкүйерлік танытқан барша Қазақ еліне бағыштағым келеді.

– Серпе көтеруде қолыңызды жарақаттап алған тәріздісіз…

– Уайымдайтындай емес. Зілтемірді сәтсіздеу қойған сияқтымын. Дегенмен ешқандай ауруды сезінім тұрған жоқпын.

– Әлем чемпионатында өнер көрсету жоспарыңызда бар ма?

– Бұйырса, әлем біріншілігінде бақ сынайтын боламын. ДегенменҚазандағы Универсиадаға бара алмаймын. Себебі чемпионатқа дейін біраз демалып, күш-жігерімді қайта қалпына келтіруім қажет.

[!\[Анна Нұрмұхамбетова: «Жеңісімді барша қазақ еліне бағыштаймын»\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-29-300x177.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-29.jpg)

– Әріптесіңіз Анастасия Швабауэрдің өнерін қалай бағалайсыз? – Анастасия үшін қуаныштымын. Менің әлем чемпионаттарында 13-орыннан көрінген кездерім болған. Ал Настя әлемдік додаларда тәжірибесі аздау, соған қарамастан 5-орынға табан тірегінінің өзі үлкен жетістік. Оның әлеуеті өте жоғары. Алдағы уақыттарда үздіктерқатарынан көрінуге мүмкіндігі зор. – Азия чемпионы атанатыныңызды қай сәтте түсіндіңіз? – Өз басым қарсыластарымның қанша келіге тапсырыс бергенін қараған жоқпын. Оған бапкерлер рұқсат бермейді де. Бірақ серпе көтеруде 130 келіні бағындырғанымда, іштей «алтын менікі» дедім. – Бәлкім, осыдан соң аздап босаңсып, 137 келіні бағындыра алмай қалған шығарсыз?.. – Ол да мүмкін. Алла жазса, бұдан былай кеткен қателіктерді жою үшін жұмыс істейтін боламыз. – Бұл доданың сіз үшін маңыздылығы қанша? – Бәзбіреулер Олимпиада ойындарының жолдамасына қатысы болмаған соң, біріншілікке аса мән бермей жатқан сияқты. Дегенмен, Азия чемпионаты дегеніміз облыстық, республикалық деңгейдегі дода емес, ол — бүтін бір құрлықтың мықтысын анықтайтын дода.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/anna-n-rm-hambetova-zhe-isimdi-barsha-aza-eline-ba-yshtaymyn-359427](https://yvision.kz/kk/post/anna-n-rm-hambetova-zhe-isimdi-barsha-aza-eline-ba-yshtaymyn-359427)