---
title: "Анкарада Мағжан Жұмабаевқа арналған кеш өтті"
description: "Түрік Республикасы жарияланған күн – 29 қазанның қарсаңында Анкарада азаттық жыршысы, айбынды ақын ..."
author: "makala"
published: "2014-10-28T23:06:33+00:00"
modified: "2014-10-28T23:06:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ankarada-ma-zhan-zh-mabaev-a-arnal-an-kesh-tti-436414"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ankarada-ma-zhan-zh-mabaev-a-arnal-an-kesh-tti-436414/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Анкарада Мағжан Жұмабаевқа арналған кеш өтті

> Түрік Республикасы жарияланған күн – 29 қазанның қарсаңында Анкарада азаттық жыршысы, айбынды ақын ...

![Анкарада Мағжан Жұмабаевқа арналған кеш өтті](http://baq.kz/foto/3e701a350139e8ec0bf88061a62ce15b.jpg)

Түрік Республикасы жарияланған күн – 29 қазанның қарсаңында Анкарада азаттық жыршысы, айбынды ақын Мағжан Жұмабаевтың рухына тағзым кеші ұйымдастырылды. Мағжан атамыздың туысқан түрік жұртына арнаған «Алыстағы бауырыма» жырына 83 жылдан соң «Алтайдағы жүрегім» деп, жауап жырын жазған қарымды қаламгер, ақын Фейзуллах Будак мырза мазмұнды кештің басты қонағы болды.

Ордалы Осман империясының күні еңкейіп, ел шетін дұшпан таптап, қилы кезең киліккен тұста «Алыста ауыр азап шеккен, бауырым деп, қаны бір халықтың қамын жеген Мағжан жырының маңызын Фейзуллах Будак тебірене жеткізіп, жауаппен үн қату ниетінің қалай туындап, қалайша өрістегенін байыппен баяндады. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/info/71-zhanalyktar/4249-ankarada-magjan-jumabaevka-arnalgan-kesh-otty))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ankarada-ma-zhan-zh-mabaev-a-arnal-an-kesh-tti-436414](https://yvision.kz/kk/post/ankarada-ma-zhan-zh-mabaev-a-arnal-an-kesh-tti-436414)