---
title: "Қандай телехикая көреміз?"
description: "24 наурыздан бастап, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Аяулы арман» атты жаңа отандық телехикая баст..."
author: "zhypar"
published: "2016-03-08T11:10:19+00:00"
modified: "2016-03-08T11:14:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/anday-telehikaya-k-remiz-682452"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/anday-telehikaya-k-remiz-682452/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қандай телехикая көреміз?

> 24 наурыздан бастап, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Аяулы арман» атты жаңа отандық телехикая баст...

24 наурыздан бастап, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Аяулы арман» атты жаңа отандық телехикая басталады.

![Қандай телехикая көреміз?](https://storage.yvision.kz/images/user/zhypar/p4Vn5pRl3v999LEk6i9bgxQi834BAv.jpg)

Туындыда балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірі мен үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдары туралы баяндалады. Кейіпкерлер қуаныш пен қайғыны, алғашқы махаббат сезімдерін, достық пен сатқындықты бастарынан кешіреді.

![Қандай телехикая көреміз?](https://storage.yvision.kz/images/user/zhypar/Pjrd3IrgW1L9JpBeHo9Ce1dVLGQfd5.jpg)

Бірақ, олар жалғыз емес. Бозбала мен бойжеткендерге үнемі ата-анасы мен туған-туысқандарының орнын басқан жолдастары, ұстаздары және тәрбиешілері қолдау көрсетіп отырады.

Телехикая 64 бөлімнен тұрады.

Теленовелланың ерекшелігі - туындыға кезінде балалар үйінде өскен актерлермен қатар, жасөспірімдер үйінің қазіргі тәрбиеленушілері де қатысады.

![Қандай телехикая көреміз?](https://storage.yvision.kz/images/user/zhypar/h0WfUZTwM15wBoAx9YS4mPu2W8hyj0.jpg)

Рөлдерде Қуаныш Керімқұлов, Шәріп Серік, Ербол Семқұлов, Раушан Ермағамбетова, Әйгерім Айдар, Данияр Базарқұлов, Алдаберген Шалбаев, Ұлбосын Шалқарова, Нұржан Аташ, Жандарбек Садырбаев, Әдемі Сүлейменова сынды актерлер ойнайды.

 

Алғашқы бөлімді 24 наурыз, сағат 21:05-те көре аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/anday-telehikaya-k-remiz-682452](https://yvision.kz/kk/post/anday-telehikaya-k-remiz-682452)