---
title: "Қандай адамдар өздерін бақытты сезінеді?"
description: "Салауатты өмір салтын сақтанып, физикалық тұрғыда шыныққан және қарым-қатынаста мәдениетті жоғарғы о..."
author: "CRMI"
published: "2016-07-25T04:57:49+00:00"
modified: "2016-07-25T04:57:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/anday-adamdar-zderin-ba-ytty-sezinedi-703868"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/anday-adamdar-zderin-ba-ytty-sezinedi-703868/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қандай адамдар өздерін бақытты сезінеді?

> Салауатты өмір салтын сақтанып, физикалық тұрғыда шыныққан және қарым-қатынаста мәдениетті жоғарғы о...

Салауатты өмір салтын сақтанып, физикалық тұрғыда шыныққан және қарым-қатынаста мәдениетті жоғарғы орынға қоятын адамдар өздерін бақытты сезінеді екен. Бұл туралы зерттеу жүргізген Ноттингем Трент университетінің ғалымдары мәлімдеп отыр.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/pzi0Un6bVH2Mt7NgEy35Hd0yN90dik.jpg)

Зерттеушілер он мыңнан аса адамға сауалнама жүргізіп, өз қорытындыларын шығарған. Нәтижесінде спортпен шұғылданатын, жиі театр мен мұражайларға барып тұратын адамдар өздерін өмірде бақытты сезінетіндіктерін айтқан. Сондай-ақ түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын адамдар да өмірлеріне дән риза екендіктерін жасырмаған.

 

Университет зерттеушілері қорыта келе бақыттың бір кілті - салауатты өмір салтын сақтануда деген тұжырымға келіп отыр. Ал салауатты өмір салтын сақтану - қимыл белсенділігі, дұрыс тамақтану, түрлі аурулардың алдын алу мен зиянды әдеттерден алшақ болудан тұрады.

**дерек көз: http://massaget.kz/jigitterge/psihologiya/39239/**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/anday-adamdar-zderin-ba-ytty-sezinedi-703868](https://yvision.kz/kk/post/anday-adamdar-zderin-ba-ytty-sezinedi-703868)