---
title: "Анатолий Башмаков: Білім мен жастар Жолдаудың басым бағыттары болып табылады"
description: "Қазақстан халқы Ассамблеясы Департаментінің басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Анато..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-10-13T04:06:02+00:00"
modified: "2018-10-13T04:06:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/anatoliy-bashmakov-bilim-men-zhastar-zholdaudy-basym-ba-yttary-bolyp-tabylady-816710"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/anatoliy-bashmakov-bilim-men-zhastar-zholdaudy-basym-ba-yttary-bolyp-tabylady-816710/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Анатолий Башмаков: Білім мен жастар Жолдаудың басым бағыттары болып табылады

> Қазақстан халқы Ассамблеясы Департаментінің басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Анато...

Қазақстан халқы Ассамблеясы Департаментінің басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Башмаков Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттардың бірі білім беру сапасын арттыру және жастарға ерекше назар аудару болып табылады деп санайды.

«Мемлекет басшысының жылсайынғы Жолдауы Мемлекет басшысының жеке өзі ұсынатын негізгі, басымдықты, шұғыл мәселелер мен проблемалардың жиынтығы болып табылады. Президент шебер және талғампаз саясаткер ретінде оқиғалардың дамуын бірнеше қадамдар арқылы болжай алады, сол уақытта ішкі жасырын проблемаларды көре алады. Жиналған мәселелерге айрықша мән беру үшін Мемлекет басшысы тек әлеуметтік саясат мәселелерін талқылауға шешім қабылдады», - деді А. Башмаков Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша кеңестің кеңейтілген отырысында.

А. Башмаков өзінің сөйлеген сөзінде Президент Жолдауында айтқан екі негізгі бағытқа тоқталды - бұл білім беру жүйесін жетілдіру және жастарға көңіл бөлу.

«Жастарға саяси және экономикалық көңіл бөлінеді. Бұл бастама (2019 жыл – жастар жылы деп жарияланған) кешенді шешілетін болады. Бұл жастарды тәрбиелеу деңгейін арттыру, олардың туған жерін құрметтеу, этносаралық қарым-қатынас мәдениетін көтеру арқылы елінің өзіндік ерекшеліктерін қалыптастыру және т.б.», - деді А. Башмаков.

Анатолий Башмаков Жолдауда халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының проблемаларын шешуге ерекше назар аударылғанын атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/anatoliy-bashmakov-bilim-men-zhastar-zholdaudy-basym-ba-yttary-bolyp-tabylady-816710](https://yvision.kz/kk/post/anatoliy-bashmakov-bilim-men-zhastar-zholdaudy-basym-ba-yttary-bolyp-tabylady-816710)