---
title: "Қанат Ислам жаңа формасын көрсетті"
description: "Танымал кәсіпқой боксшы Қанат \"Қазақ\" Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті. Рингке киіп..."
author: "kzsport"
published: "2017-01-09T15:08:31+00:00"
modified: "2017-01-09T15:17:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/anat-islam-zha-a-formasyn-k-rsetti-745864"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/anat-islam-zha-a-formasyn-k-rsetti-745864/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қанат Ислам жаңа формасын көрсетті

> Танымал кәсіпқой боксшы Қанат "Қазақ" Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті. Рингке киіп...

Танымал кәсіпқой боксшы Қанат "Қазақ" Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті. Рингке киіп шығатын шорты боксшының фейсбуктағы ресми жанкүйерлік парақшасында жарияланды.

![Қанат Ислам жаңа формасын көрсетті](https://storage.yvision.kz/images/user/kzsport/9R2l0Gu9oojdp9ufdV19vN5M3wSomI.jpg)

"Бұл жолы ақ түсті таңдап отырмыз. Шортыдың екі жағы да оюмен өрнектелген. Сол қапталында бокшының жеке логотипі орыналасқан. Ал, белінде(алдында) боксшының есімі мен тегі, шортыдың артында лақап аты жазылған" - делінген.

Ал Қазақтың келесі жекпе-жегі кіммен және қай қалада өтетінін жақын күндері белгілі болады.

![Қанат Ислам жаңа формасын көрсетті](https://storage.yvision.kz/images/user/kzsport/LkMcYGv30TUbbuKOYXRfS6oKGTufG9.jpg)

Қанат Ислам - кəсіпқой рингте 22 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен! Оның 18-ін нокаутпен ұтқан. Лақап аты - ҚАЗАҚ. WBA fedelatin, WBO intercontinental жəне UBC тұжырымы бойынша əлем чемпионы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/anat-islam-zha-a-formasyn-k-rsetti-745864](https://yvision.kz/kk/post/anat-islam-zha-a-formasyn-k-rsetti-745864)