---
title: "Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады"
description: "Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық қарсыласын 5..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-08-08T02:57:03+00:00"
modified: "2014-08-08T02:57:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/anat-islam-kezekti-zhekpe-zhegin-zhe-ispen-aya-tady-424501"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/anat-islam-kezekti-zhekpe-zhegin-zhe-ispen-aya-tady-424501/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

> Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық қарсыласын 5...

[!\[Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/20140808084943-300x180.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/20140808084943.jpg)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық қарсыласын 5 раундта сұлатып салды. Бұл туралы Қытайдағы қандастарымыздың сайты senkazakh.com хабарлады.

Қанаттың кезекті жекпе-жегі 7 тамыз күні (Қазақстан уақыты бойынша бүгінгі таң) Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өткізілді. Бұл — Қанаттың Латын Америкасы чемпиондық белгісін 2-рет қорғауы. Естеріңізге сала кетейік, колумбиялық Фидел Мантерроса осы айқасына дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32-сін өз пайдасына шешкен. 26 рет жекпе-жегін мерзімнен бұрын аяқтаса, 9 кездесуінде жеңіліп, 1 кездесуде тең түскен Ал қандасымыз осыған дейін 17 кездесу өткізіп оның бәрінде жеңіске жеткен. Оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бүгін 18-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, бұл — оның 15-ші нокауты. Күнсұлтан ОТАРБАЙ

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/anat-islam-kezekti-zhekpe-zhegin-zhe-ispen-aya-tady-424501](https://yvision.kz/kk/post/anat-islam-kezekti-zhekpe-zhegin-zhe-ispen-aya-tady-424501)