---
title: "Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін"
description: "Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 2016 жылдың қаңтар айында Қытайда жекпе-жек өткізуі мүмкін...."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-12T23:56:13+00:00"
modified: "2015-12-12T23:56:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/anat-islam-kelesi-zhekpe-zhegin-ytayda-tkizui-m-mkin-667724"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/anat-islam-kelesi-zhekpe-zhegin-ytayda-tkizui-m-mkin-667724/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін

> Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 2016 жылдың қаңтар айында Қытайда жекпе-жек өткізуі мүмкін....

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 2016 жылдың қаңтар айында Қытайда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Спортшының айтуынша, тараптар келісімге қол қоюға жақын.

![Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/26VtjFiM9z3SB56JZ96VsF3sC3088u.jpg)

«Келесі айда Қытайда жекпе -жек өтеді. Бұйырса,10-15 күн ішінде барлық мәселелер шешіледі. Бокс кешін ұйымдастыруды желтоқсан айында жоспарладық, бірақ, кейбір себептермен процес кешіктірілді», - дейді Қанат Ислам. Сондай-ақ, Қанат Ислам Қазақстанда жекпе-жек өткізу ойда бар екенін айтады. «Алдағы уақытта чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу жоспарда бар. Сол чемпиондық белбеуге дейін Қазақстанда бір жекпе-жек өткізуім мүмкін. Бірақ, ол келесі жылдың екінші жартысында болады», - деді боксшы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/anat-islam-kelesi-zhekpe-zhegin-ytayda-tkizui-m-mkin-667724](https://yvision.kz/kk/post/anat-islam-kelesi-zhekpe-zhegin-ytayda-tkizui-m-mkin-667724)