---
title: "Ана тілін латын қарпіне көшіру — аса өзекті"
description: "Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Назарбаев латын қарпіне көшу мәселесін тағы көтерді. Созып жүр..."
author: "tracyb"
published: "2017-06-23T06:49:49+00:00"
modified: "2017-06-23T06:49:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ana-tilin-latyn-arpine-k-shiru-asa-zekti-771110"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ana-tilin-latyn-arpine-k-shiru-asa-zekti-771110/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ана тілін латын қарпіне көшіру — аса өзекті

> Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Назарбаев латын қарпіне көшу мәселесін тағы көтерді. Созып жүр...

Дүниежүзі қазақтарының **V** **құрылтайында Назарбаев** **латын қарпіне көшу мәселесін тағы көтерді****.** **Созы****п** **жүретін уақыт жоқ. Көштен қалмау үшін, бүгіннен бұл мәселені қолға алып, нүкте қою керек дегенді меңзеді.**

"Бұрынғы **КСРО** уақытында, **ТМД** деп аталатын біз - кириллица, қытайдағы қандастарымыз - төте жазу, батыс елдеріндегі бауырларымыз латын әрпін қолданады. Сонда, сөйлескенде тіліміз бір болғанымен, оқығанда тіліміз үш түрлі. Бір-бірімізді түсіне алмаймыз. Жазуын ұқпаймыз. Бұл бір жағынан, жер жүзіне тарыдай шашылған қазақтың кейінгі ұрпағын бір-бірінен алыстады. Екінші жағынан, ғылым мен техникаға, интернетке үйренетін жағдайымыз бар.» - деді **Нұрсұлтан Назарбаев.**

Бір сөзбен айтқанда, **Латын әліпбиіне көшуді 2025 жылға дейін соза берудің қажеті жоқ, -** **деді, Елбасы.**

Ең бастысы, осы арқылы бірлігіміз күшейіп, рухани жақындығымыз артады дегенге баса тоқталды.

Әр істің өз тәуекелі бар. Соған қарамастан, бұл істе Латын қарпіне көшкен елдердің тәжірибесіне сүйеніп, қателіктерін ескеріп, таңдау жасауға болады. Әзербайжан мен Өзбекстан елдерінің тәжірибелерінен көп нәрсе байқалады. Әрине, тым асығыстыққа жол жоқ. Алайда, бідің білім жүйеміз бен оқу құралдарының жағдайы да келіңкірейді. Мысалы, 1 сыныптан бастап барлық балаларымыз ағылшын тілінде оқиды. Барлық мектептерде ағылшын тілі оқытылады. Сондықтан, қандай да бір қиындықтар болмайтын шығар.

Назарбаев айтты, басқалары да қимылдайтын шығар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ana-tilin-latyn-arpine-k-shiru-asa-zekti-771110](https://yvision.kz/kk/post/ana-tilin-latyn-arpine-k-shiru-asa-zekti-771110)