---
title: "Амантай Доғалақов: \" Тәртіпке бағынған құл болмайды\""
description: "Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде індеттің асқынуына әкеліп соққан себептерді айтып, үкіметке бірқата..."
author: "Semeynews"
published: "2020-06-30T04:37:00+00:00"
modified: "2020-06-30T04:37:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/amantay-do-ala-ov-t-rtipke-ba-yn-an-l-bolmaydy-860166"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/amantay-do-ala-ov-t-rtipke-ba-yn-an-l-bolmaydy-860166/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Амантай Доғалақов: " Тәртіпке бағынған құл болмайды"

> Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде індеттің асқынуына әкеліп соққан себептерді айтып, үкіметке бірқата...

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде індеттің асқынуына әкеліп соққан себептерді айтып, үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Рас, төтенже жағдай режимі алынып, карантин талаптары жеңілдетілгеннен кейін індеттің таралуы жылдам болды. Осы жерде, мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың жұмысын қатаң сыңға алып, бірқатар облыс және қала әкімдеріне сөгіс пен ескертулер берді. Тәуелсіздік тарихымызда бұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп тұрғаннан кейін, олқылықтардың болуы да заңдылық шығар. Дегенмен, карантиндік талаптар жеңілдетілгеннен кейін халықтың да босаңсып кеткенін көрдік. Табиғат аясында демалу, бітпейтін той-томалақ жасау және т.с.с. – осының бәрі қазіргі ушыққан жағдайға алып келді.

Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты президент екі күндік мерзімде карантиндік талаптарды қатайту бойынша ұсыныс әзірлесін деп пәрмен берді. Қазіргі жағдайда дереу қатаң шаралар қабылдамасақ жағдай ушығып кететіні белгілі. Сондықтан президенттің қатаң карантиндік талаптарды қайтадан енгізу туралы сөзін құптаймын. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, қазіргі уақытқа қазақ халқына керек басты дүние – осы қатаң тәртіп болмақ. Сондықтан, халқымыздың денсаулығын сақтау жолында қабылданатын шараларды толық сақтауға шақырамын.

Амантай Доғалақов - Семей қаласының ардагерлері Кеңесінің төрағасы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/amantay-do-ala-ov-t-rtipke-ba-yn-an-l-bolmaydy-860166](https://yvision.kz/kk/post/amantay-do-ala-ov-t-rtipke-ba-yn-an-l-bolmaydy-860166)