---
title: "АМАНТАЙ ДОҒАЛАҚОВ: \"Үкімет пен халық бір ойдан шығып, қажырлы еңбек етуі тиіс!\""
description: "Расымен, қазіргі кезде пандемияның өршуі мемлекетімізге, оның ішінде қарапайым халыққа оңай тимеді. ..."
author: "Semeynews"
published: "2020-05-11T09:31:56+00:00"
modified: "2020-05-11T09:31:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/amantay-do-ala-ov-kimet-pen-haly-bir-oydan-shy-yp-azhyrly-e-bek-etui-tiis-856582"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/amantay-do-ala-ov-kimet-pen-haly-bir-oydan-shy-yp-azhyrly-e-bek-etui-tiis-856582/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АМАНТАЙ ДОҒАЛАҚОВ: "Үкімет пен халық бір ойдан шығып, қажырлы еңбек етуі тиіс!"

> Расымен, қазіргі кезде пандемияның өршуі мемлекетімізге, оның ішінде қарапайым халыққа оңай тимеді. ...

Расымен, қазіргі кезде пандемияның өршуі мемлекетімізге, оның ішінде қарапайым халыққа оңай тимеді. Бір жағынан жаман ауру жағадан қысса, екінші жағынан төтенше жағдайдағы шектеулерге байланысты халық өздерінің табыстарынан айырылды. Дегенмен, мемлекет халықты қиындықта қалдырмай осы екі ай ішінде көптеген әлеуметтік көмектер көрсетті.

Президенттің елдегі төтенше жағдайды тоқтатып, карантиндік режимді қалдыру туралы шешімі орынды деп есептеймін. Өйткені әр облыстағы жағдай әр түрлі екендігі белгілі. Әсіресе, карантиндік талаптарды қалдыру және оны күшейту дәл қазіргі жағдайда Семей қаласына керек. Себебі ақырғы күндері науқастардың саны артып келеді.

Төтенше жағдайдың алынуы еліміздің біртіндеп қалыптасқан жағдайдан шығуға, экономикамызды қайтадан жаңғыртуға жол береді.

Президент өз сөзінде Қазақстандық экономиканы жаңа көзқараспен қалыптастыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамтуды мақсатында, ұлттық бизнесті қолдау, шетелдік инвесторлармен жұмысты жандандыру бойынша үкіметке нақты тапсырмалар берді. Осы орайда, халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында қолжетімді баспана бойынша жаңа 5-10-20 жобасын құру туралы тапсырмасы елді қуантатыны анық.

Сондай ақ, Президент өз сөзінде техногенді апаттан төтенше жағдай қалыптасқан Түркістан облысындағы халықтың шығыны қысқа мерзімде толығымен өтелетіндігі және зардап шеккен әр адамға 100 мың теңге көлемінде өтемақы төленетіндігін атап өтті. Бұл қабылданған шешімдер халыққа көрсетіліп жатқан үлкен қолдау деп есептеймін.

Қазір біз күрделі кезеңдеміз. Сондықтан, қалыптасқан жағдайда үкімет пен халық бір ойдан шығып, қажырлы еңбек етуі тиіс. Талай қиын қыстауларды басынан өткізген қазақ халқы бұл қиындықтанда өтеді деп сенемін!

Амантай Доғалақов - Семей қалалық соғыс және ардагерлері кеңесінің төрағасы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/amantay-do-ala-ov-kimet-pen-haly-bir-oydan-shy-yp-azhyrly-e-bek-etui-tiis-856582](https://yvision.kz/kk/post/amantay-do-ala-ov-kimet-pen-haly-bir-oydan-shy-yp-azhyrly-e-bek-etui-tiis-856582)