---
title: "Қалыптасқан мемлекет пен құндылықтар дағдарысы"
description: "\"Қалыптасқан мемлекет\", \"құндылықтар дағдарысы\" мен \"болашақ үлгісі\" түсініктері нені білдіреді? «Қ..."
author: "AdilNazar"
published: "2014-08-19T07:37:00+00:00"
modified: "2014-09-02T06:27:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alyptas-an-memleket-pen-ndyly-tar-da-darysy-427833"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alyptas-an-memleket-pen-ndyly-tar-da-darysy-427833/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қалыптасқан мемлекет пен құндылықтар дағдарысы

> "Қалыптасқан мемлекет", "құндылықтар дағдарысы" мен "болашақ үлгісі" түсініктері нені білдіреді? «Қ...

"Қалыптасқан мемлекет", "құндылықтар дағдарысы" мен "болашақ үлгісі" түсініктері нені білдіреді?

**«Қазақстан 2050» стратегиясының түсініктері**

**«Қазақстан 2050» стратегиясы**

> «Қазақстан 2050» стратегиясы - президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына он сегізінші жолдауы, Елбасының 2012 ж. 14 желтоқсанында Тәуелсіздік күнінің 21 жылдығын тойлау қарсаңына екі күн қалғанда сөйлеген сөзі. «Қазақстан 2050» стратегиясының ресми сайты

Құрылымы жағынан Жолдау 3 бөлімнен тұрады:

- бірінші бөлімде «Қазақстан-2030» Стратегиясының жүзеге асырылу қорытындыларымен қатар, Қазақстаннның негізгі жетістіктері көрсетілген;

- екінші бөлімде еліміздің халықаралық қауымдастықтың бөлігі ретінде ескеруге тиіс 10 сын-қатерлер мазмұндалған;

- үшінші бөлімде жаңа саясибағытымыздың 7 бағдары көрсетілген.

Ең бастысы жаңа Стратегия бұрын жарияланған «Қазақстан-2030» Стратегиясы-ның орындалуына дейін кезектен тыс қойылып отыр. Бұған үш ірі дәлел ықпал етті:

1. «Қазақстан-2030» Стратегиясының жылдамдатылып орындалғанын түйінді әлемдік рейтингілердегі Қазақстанның позициясы айқындап отыр;

2. Болжамдау мен жоспарлаудың парадигмалары өзгерді. Болжамдау көкжиегі кеңеюде. Жетекші агенттіктер мен сарапшы құрылымдар болжамдардың ақырғы нүктесін 20 жыл алға қойды. Сондықтан да болжамдар 2050 ж. дейінгі кезеңді қамтиды;

3. Қазіргі әлемде болжамдар ғылымға ғана емес, басқарылатын модельдеудің құралы есебіндегі саясатқа да тиісті болып отыр.

**Қалыптасқан мемлекет**

> Френсис Фукуяма өзінің жұмыстарында күшті мемлекеттер жайында жазды. Бұл дискурс оның барлық әлемдегі либерализмнің таратылуының әсерінен туған тарихтың соңы жайлы жазған мақаласын қызу талқылау кезінде күшейді. Фукуяма бойынша, күшті мемлекет – кедейшілік пен бұқаралық ауру-лардан қорғанушылықтың негізі. «Қазақстан 2050» стратегиясының ресми сайты

«Қалыптаспаған мемлекет» түсінігін алғаш рет 1990-жылдары американдық зерттеушілер Джеральд Хельман мен Стивен Ратнер қолданысқа енгізді. «Қалыптаспаған мемлекеттер» 2006 ж. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясында жаңа қауіптердің бірі ретінде аталып көрсетілген болатын.

Қалыптаспаған мемлекеттердің келесі өлшемдері ерекшеленген:

- азаматтық соғыс жағдайында болу;

- мемлекеттік қарыздың сын көтермес деңгейі;

- шектен тыс инфляция;

- жаппай жұмыссыздық;

- ұдайы күштеу, этникалық тазалау;

- құқық қорғау органдарының әлсіз бақылануы;

- балалар мен сәбилер өлімінің жоғарылығы;

- сыбайлас жемқорлық;

- нақты және мойындалған шекараның жоқтығы;

- көпшіліктің ұдайы қарсылық көрсету толқулары;

- режимдердің жиі ауысуы мен тұрақсыздығы;

- қарулануды қадағалаудың нашарлығы;

- халықаралық деңгейде мойындалмау;

- ұлттық кәсіпорындар деңгейінің ең аз мөлшерде болуы.

Осыған сәйкес, қалыптасқан мемлекетте қарама-қарсы сипаттамалар болуға тиіс. «Қазақстан-2050» Жолдауында қалыптасқан мемлекеттің басты мағынасы екі бағыттағы қөзқарас тұрғысынан көрсетілген:

- стратегиялық мақсаттар қойып және оны мерзімінен бұрын шеше білу;

- үш кезеңдік транзитті немесе қоғамның өтпелі кезеңін игеру.

**Құндылықтар дағдарысы**

> Белігілі бір қоғамдар мен бірлестіктердің өздерінің өмірлік қағидаттары мен ұстанымдарын сана елегінен өткізіп, қайта ұйғару кезеңін сипаттайды. Қолданбалы мағынада бұл мәселе жаһанды және ұлттық факторлардың қақтығысуын, жаһанданудың, глолокализацияның, жаһанды экономика мен жергілікті экономиканың протекционизмінің қарама-қайшы үрдістерінің пайда болуын білдіреді. «Қазақстан 2050» стратегиясының ресми сайты

**Мемлекет болашағының үлгісі**

> Белгілі бір уақыт қашықтығында алынған көптеген өзара байланыстары бар нақты мемлекеттің жағдайының негізгі көрсеткіштері туралы сараптамалық және математикалық тұрғыдан дәлелденетін тұжырымдама (түсінік). Болжамдаумен салыстырғанда үлгіні қалыптастыру кезінде белгілі бір тұтастық пен аяқталғандық болуы қажет. Болашақтың үлгісі объектінің, оның ішкі құрылымы мен құрамы, оның өзі іспетті объектілерімен өзара байланысы қандай болатынын және оның сақталыну мүмкіндігін ұйғарады. «Қазақстан 2050» стратегиясының ресми сайты

**Тарихи уақытты жеделдету**

Бұл ұғым ұзындықтың физикалық мәндегі сипаттамасы болып табылады.

Белгілі академик С.П. Капицаның пайымдаулары физика мен гуманитарлық ғылымдар арасын байланыстыруда көрнектілікке ие болды. Тарихи уақыттың қысылуы жайлы ол:

> «Адамзат тарихының әрбір жаңа кезеңі алдыңғысынан 2,5–3 есеге қысқа ... Адамзат қоғамының пайда болған уақытынан бастап тарихи кезең ұзақтығы қысқарып отырды және 35–40 жылға жетті, бұл ұрпақтар алмасуының уақыты немесе адамның жұмыс істеуге қабілеттілігінің орташа уақыты... Уақыттың қысылуы адамдар өмірінің ауқымының өзгеруіне алып келеді... Бұл бір ұрпақтың өмір сүру жағдайының күрт өзгеруіне соқтырады. Адамдар бір тарихи кезеңнен екіншісіне ауысқандай болады», – деп тұжырымдайды.

Адам табиғаты мұндай кездерде шегіне жете зорығады. Өзгерістердің қарқынды болғаны сондай, адам санасы барлығын қорытып үлгере алмайды.

**Үш бірдей жаңғырту**

> Заманауи нарықтық экономиканы қалыптастырудың, демократиялық реформаларды жүргізудің және адамдардың сана-сезімін өзгертудің негізінде жатқан жаһандық инновациялық өзгерістер дәуіріндегі дамудық жаңа ұлттық үлгісі. «Қазақстан 2050» стратегиясының ресми сайты

["Қазақстан - 2050" стратегиясының ресми сайтының](http://strategy2050.kz/) материалдары бойынша жасалған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alyptas-an-memleket-pen-ndyly-tar-da-darysy-427833](https://yvision.kz/kk/post/alyptas-an-memleket-pen-ndyly-tar-da-darysy-427833)