---
title: "Алып келіп, алып кетті..."
description: "Өзбек басшысы Ш.Мирзияев қазақстанға құр келмеді. Өзінің сұңғылалығы бар екен. Бірақ, біздікіне жетп..."
author: "tracyb"
published: "2017-03-27T22:54:00+00:00"
modified: "2017-03-27T22:54:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alyp-kelip-alyp-ketti-761404"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alyp-kelip-alyp-ketti-761404/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алып келіп, алып кетті...

> Өзбек басшысы Ш.Мирзияев қазақстанға құр келмеді. Өзінің сұңғылалығы бар екен. Бірақ, біздікіне жетп...

Өзбек басшысы **Ш.Мирзияев** қазақстанға құр келмеді. Өзінің сұңғылалығы бар екен. Бірақ, біздікіне жетпейді-ау)

Айтайын дегенім, дәл **Ұлыстың Ұлы** күні келіп, бір оқпен екі қоян атты. Бауырлас елді құттықтады, екінші жағынан өз ойы мен саяси курсын көрсетті. Міне, **стратег** деген осылай болады. Көп созбайық, не айтқымыз келгенін баяндайық. Екі елдің арасы марқұм **И.Кәрімов** кезінде, ақпанның ауа-райындай **«құбылмалы»** болды. **Бірде миіз, бірде киіз дегендей...**

Сонымен, екі бауырлас ел басшыларының кездесуін, сарапшылар ерекше бағалап жатты. Өзбек әкәміздің өзі **«тарихи»** кездесу деп, ағынан жарылды. **Шавкатты** жақын танитындар, нарық пен экономикалық қатынастарда оның ашық та, **либералды** екенін айтады. Онысын уақыт көрсете жатар. Бірақ, мемлекет басшылығына келгелі екі елдің экономикалық қатынасы шамемен, **30 процентке** өскен. Жаман емес. **Назарбаевтың** сөзі:

**«Сіз келгелі бес айдың ішінде екі елдің арасындағы сауда-саттық 30 процентке жоғарылады. Көп мәселелерге қол жеткіздік»**

Бұл ештеңе емес. Осы кездесуде, жалпы құны **1 млрд** долларға жете қап болатын келісімдерге қол қойылды. Әрине, сумма аз емес. Қазақ-өзбек бірлескен бизнес форумында екі ел кəсіпкерлері құны **840 млн** доллар болатын **92** келісімшартқа қол қойыпты. Айтпақшы, «проблема» бар. Енді, біздің кәсіпкерлеріміз ізденіп, ширамаса, мыналар көбіміздің аузымызды ысып кетуі мүмкін. Олай болуы заңды да. **Кеңес уақыты**ның өзінде, саудасын тоқтатпаған елмен терезелес сауда жасау оңай емес, әрине. Бұл, бір жағынан өзімізге үлкен сабақ, үлкен мүмкіндік болады.

**Ш.Мирзияевтың** алып келгені, екі елдің арасындағы **дипломатиялық «жылулық»**, алып кеткенін өзіңіз біліп отырған **шығарсыз..?**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alyp-kelip-alyp-ketti-761404](https://yvision.kz/kk/post/alyp-kelip-alyp-ketti-761404)