---
title: "Ғалымжан Молданазар да «жұлдызшалар» сенің көмегіңе зәру екенін растайды!"
description: "Жанымыз рахатқа бөлену үшін игі істер жасауға атсалысуымыз керек. Кішкентай «жұлдызшалардың» перішт..."
author: "yshalkibayev"
published: "2014-11-24T23:20:42+00:00"
modified: "2014-11-27T18:15:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alymzhan-moldanazar-da-zh-ldyzshalar-seni-k-megi-e-z-ru-ekenin-rastaydy-443368"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alymzhan-moldanazar-da-zh-ldyzshalar-seni-k-megi-e-z-ru-ekenin-rastaydy-443368/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ғалымжан Молданазар да «жұлдызшалар» сенің көмегіңе зәру екенін растайды!

> Жанымыз рахатқа бөлену үшін игі істер жасауға атсалысуымыз керек. Кішкентай «жұлдызшалардың» перішт...

![Ғалымжан Молданазар да «жұлдызшалар» сенің көмегіңе зәру екенін растайды!](https://storage.yvision.kz/images/user/yshalkibayev/hf0Eqduflv2H39c5GkdxqjlLzkHYe3.jpg)

Жанымыз рахатқа бөлену үшін игі істер жасауға атсалысуымыз керек. Кішкентай «жұлдызшалардың» періштесі [Ғалымжан Молданазардың](https://www.facebook.com/GalymzhanMoldanazar) көңілі қайырымдылық жобаларға қатысу арқылы жайланады. Сіз де Ғалымжан сияқты игі істерге өз үлесіңізді қосыңыз. Өйткені қайырымдылыққа қатысу оңай – бар болғаны Казкомның [балалар суретімен әрленген картасын](http://kaz.kkb.kz/cards/page/Angel_hranitel) ашсаңыз болды.

Айта кетейік, 12 қараша күні Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры «Періште» жобасының аясында шала туылған балаларда кездесетін ретинопатия ауруын емдеу үшін Астана қ. әкімдігінің №1перинатальды орталығына арнайы офтальмологиялық лазерді сыйға тартты. Ал кеше сол орталықта жаңа лазермен бірінші рет ота жасалған еді. Жобаға атсалысып жүрген барлық «періштелерімізге» алғысымызды білдіреміз. Сендердің арқаларыңда енді 870-грамдық шақалақ та, ота жасалған қалған нәрестелер де аналарының күлгенін көре алатын болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alymzhan-moldanazar-da-zh-ldyzshalar-seni-k-megi-e-z-ru-ekenin-rastaydy-443368](https://yvision.kz/kk/post/alymzhan-moldanazar-da-zh-ldyzshalar-seni-k-megi-e-z-ru-ekenin-rastaydy-443368)