---
title: "Ғалымдар бітпейтін есеп берумен емес, зерттеумен айналысуы керек"
description: "Бүгінгі күні Ғылым министрлігі, оның ішінде Ғылым комитеті елдің ғылыми әлеуетін дамыту және ғалымда..."
author: "MON_RK"
published: "2017-06-22T02:04:24+00:00"
modified: "2017-06-22T02:04:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/alymdar-bitpeytin-esep-berumen-emes-zertteumen-aynalysuy-kerek-770890"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/alymdar-bitpeytin-esep-berumen-emes-zertteumen-aynalysuy-kerek-770890/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ғалымдар бітпейтін есеп берумен емес, зерттеумен айналысуы керек

> Бүгінгі күні Ғылым министрлігі, оның ішінде Ғылым комитеті елдің ғылыми әлеуетін дамыту және ғалымда...

Бүгінгі күні Ғылым министрлігі, оның ішінде Ғылым комитеті елдің ғылыми әлеуетін дамыту және ғалымдарға зерттеумен айналысып, өз еңбектерінің нәтижесін коммерциализациялауға мүмкіндік беру бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Жағдайды саралай келе, бюрократия мәселесіне баса назар аудардық. Оның ішіндегі ең бастысы — ғалымдар жүзеге асырып жатқан жобасы жайлы бітпес есептерге көп еңбек пен уақыт жұмсайды. Осылайша, ескі типтегі шарт бойынша олар қаржылық және аннотациялық есеп тапсырудан (әрқайсысы 250-300 беттен) қолдары босамайтын. Жоба жетекшілері жылына 2-3 рет Ғылым комитетіне дәу сөмке көтеріп келіп, сағаттап кезек күтіп отырып есеп тапсыратын. Әурешілік пен пайдасыз қағазбастылықты былай қойғанда, бұл жағдайлар жемқорлыққа жол ашып, комиет жұмысының тиімділігін төмендетіп келген.

Аталған өзгерістердің мақсаты: Жоба жетекшілерінің бюджеттен бөлінетін қаржыны пайдалану нәтижесіне деген жауапкершілігін күшейту, ғалымдарды қажетсіз әурешіліктерден босатып, жұмысына көп уақыт бөлуіне жағдай жасау. Сондықтан да Ғылым комитеті жүзеге асырылатын жобалары бойынша есеп тапсыру жұмыстарын оңтайландыру туралы шешім қабылдап, биылғы жылдың маусым айынан бастап өзгерістер негізуді шешті. Қазір барлық жоба орындаушыларымен шарттар қайта жасалып жатыр. Енді жобаны жүзеге асырушы ғалымдарға қаржылық, аннотациялық есеп тапсырудың қажеті жоқ. Мұның орнына біз бөлінген қаржыны жарату жайындағы есептің жеңілдетілген нұсқасын енгіземіз. Ол ғылыми зерттеу жұмыстарының жылдық есебімен бірге тапсырылатын болады. Осылайша, қағаз құжат айналымын 60–70 пайызға азайтуды жоспарлап отырмыз. Тапсыратын есептердің саны азайған сайын жоба жетекшілері тарапынан нәтиже көрсетуге, дәйектеуге деген, мемлекет бөлген қаржының мақсатты жұмсалуына деген жауапкершілігі артатынын да айта кеткен жөн. Биылдан бастап өз әрекенің жауапкершілігін басқа маманның мойнына арту мүмкін емес. Мұнымен қатар, бюджеттік үдерістер оңтайланады. Енді олар тапсырған қағаздың көлеміне байланысты болмайды. Дей тұрғанмен, жобаны жүзеге асыру үдерістеріне мониторинг жасауды күшейтеміз. Бұған дейін ол тек камера арқылы тексеріліп, нақты жұмыс орындарында арнайы тексерулер өтпейтін. Сондықтан да өткен жылы 1551 жобаның 81-і және 56 бағдарлама ғана тексеруден өте алды. Біздің ойымызша, мәселенің салдарымен күрескенше, проблеманың алдын алған тиімді және арзан түседі. Енді Ұлттық ғылыми кеңестер сарапшылармен бірге жобаның жүзеге асырылуының барлық кезеңдерін саралап, проблемалар мен кауіп-тәуекелдерін анықтап, бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалайтын болады. Ұлттық ғылыми кеңестер жобаны әрі қарай қаржыландыруға шешім қабылдау үшін оның ойға қонымдылығын бағалайтын тиімді құралға қол жеткізсе, орындаушылар жобаның тиімділігін арттыруға арналған бағдар алады.

Тақырыпқа сай басқа да материалдарды мына сілтемелер арқылы өтіп, оқи аласыздар:

- Ғылым қорының мақсаты жайлы [https://yvision.kz/post/767539](https://yvision.kz/post/767539);

- Ғылым қорының ҒТҚНКЗ 2016 жылы өткізген байқауының жұмыс нәтижелері туралы [https://yvision.kz/post/767540](https://yvision.kz/post/767540).

Сондай-ақ біз Ғылым қорынан грант ұтып алған жобалардың (ғылыми-ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің нәтижелерін қаржыландыру) бірқатары жайлы бұған дейін жазған болатынбыз. Назарларыңызға 2016 жылы Қордың қаржыландыруына ие болған 31 жобаның ішіндегі 2 жобаны ұсынамыз:

- Астанадағы жарықдиодты шамдарды дайындау өндірісі [https://yvision.kz/post/767543](https://yvision.kz/post/767543);

- Алматыдағы құндылығы аз ағаш сүрегінен жасалған сапалы және экологиялық таза бұйымдарының өндірісі

[https://yvision.kz/post/767942](https://yvision.kz/post/767942).

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/gkeRv14Mzn9L3ozuxOVyWUXQ5mn7ZC.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/alymdar-bitpeytin-esep-berumen-emes-zertteumen-aynalysuy-kerek-770890](https://yvision.kz/kk/post/alymdar-bitpeytin-esep-berumen-emes-zertteumen-aynalysuy-kerek-770890)