---
title: "Қалың қалай, «Барыс»?"
description: "Өзіміздің маман Андрей Шаянов та, ресейліктер – Андрей Хомутов пен Владимир Крикунов та елордалық ұж..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-06T23:26:12+00:00"
modified: "2013-08-06T23:26:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aly-alay-barys-367482"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aly-alay-barys-367482/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қалың қалай, «Барыс»?

> Өзіміздің маман Андрей Шаянов та, ресейліктер – Андрей Хомутов пен Владимир Крикунов та елордалық ұж...

# Өзіміздің маман Андрей Шаянов та, ресейліктер – Андрей Хомутов пен Владимир Крикунов та елордалық ұжымды биікке жетелеуге қауқарсыз болды. Ендігі кезек – Селинге келді. Фин маманы ауыр жүкті арқалай ала ма?

Астананың «Барыс» хоккей клубы жаңа маусымға қызу дайындалуда. [!\[Финляндиялық бапкер Ари-Пекка Селин ортада\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-50-300x204.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/%D0%B7%D0%B0%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-50.jpg) Финляндиялық бапкер Ари-Пекка Селин келгелі бері бірнеше жолдастық кездесу өткізген елордалық ұжымның дайындық деңгейін дәл анықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Өйткені «Барыс» бірде сәтті, бірде сәтсіз өнер көрсетуде. Швейцария жерінде дайындығын пысықтап жатқан командамыз жергілікті «Давос» ұжымымен екі бірдей жолдастық кездесу өткізді.Алғашқы бәсекеде елордалықтар 5:2 есебімен жеңіске жетті. Сөз ретінеқарай айта кеткеніміз жөн шығар, «Давос» Швейцария елінің бетке ұстар командаларының бірі саналады. Бұл клуб ішкі біріншілікті 30 рет ұтып алған және Швейцария жерінде ұйымдастырылатын әйгілі дода – Шпенглер кубогында 15 рет үздік атанған екен. Барыспен» алғашқы кездесуде айдын иелері есеп ашты. Дегенмен көп ұзамай таразы басын теңестірген астаналықтар бірінші кезеңаяқталмай жатып, екінші шайбаны енгізді.Алдымен Алексей Воронцов гол соқса, артынша Константин Пушкарев мергендігімен көзге түсті. Үзілістен кейін елордалық хоккейшілер ойын барысын толықбақылауға алды және жауапсыз екі гол соқты. Бұл жолы Дастин Бойд пен Федор Полищуктің қанжығасы майланды. Соңғы кезеңде екі жақ бір бір реттен гол енгізді. Біздің команда сапында құрамды жаңадан толықтырған ойыншы Майк Ландин гол авторы атанды. Араға күн салып, «Барыс» пен «Давос» қайта кездесті. Ари-Пекка Селин шәкірттері қарымта ойында жарқырай өнер көрсете алмады. кездесудің алғашқы бөлігінде екі ұжым хоккейшілері нәтижелі соққы тіркемеді. Үзілістен кейін екі шайба соғылды. Оның бірін «Барыс» сапындағы Константин Руденко енгізген болатын. Пас бергендер – Роман Старченко мен Дмитрий Уппер. Өкінішке қарай, соңғы кезеңде біздіңжігіттер бірде бір гол соға алмады. Есесіне айдын қожайындары екі шайба енгізіп, матч тағдырын өз пайдаларына шешті. Бұған дейін «Барыс» Швейцариядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде Санкт-Петербургтің «СКА» командасымен тең ойнаған болатын. Биыл клуб басшылығы бапкерлік құрам мен хоккейшілерімізге плей-офф кезеңінің екінші айналымына өтуді жүктеп отыр. Ол үшін барлық жағдайқарастырылмақ. Финляндия құрамасы бас бапкерінің көмекшісі боп танылған маман Ари-Пекка Селиннің жаттықтырушы ретіндегі шынайы бет бейнесін Құрлықтық хоккей лигасындағы бәсекелер барысында көретініміз анық. Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» командасы Ресейдіңашық біріншілігі саналатын додаға қатысқалы бері плей-оффтыңалғашқы айналымынан аса алмай жүр. Өзіміздің маман Андрей Шаянов та, ресейліктер – Андрей Хомутов пен Владимир Крикунов та елордалықұжымды биікке жетелеуге қауқарсыз болды. Ендігі кезек – Селинге келді. Фин маманы ауыр жүкті арқалай ала ма? Шалқар ЕСТЕН, «Айқын» газет

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aly-alay-barys-367482](https://yvision.kz/kk/post/aly-alay-barys-367482)