---
title: "Алтынбекова Тайвань модель агенттіктерінің ұсынысынан бас тартты"
description: "Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Тайваньның модель агенттіктерінің ұсынысынан бас тар..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-08-19T04:31:44+00:00"
modified: "2014-08-19T04:31:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/altynbekova-tayvan-model-agenttikterini-synysynan-bas-tartty-425872"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/altynbekova-tayvan-model-agenttikterini-synysynan-bas-tartty-425872/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алтынбекова Тайвань модель агенттіктерінің ұсынысынан бас тартты

> Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Тайваньның модель агенттіктерінің ұсынысынан бас тар...

[!\[Алтынбекова Тайвань модель агенттіктерінің ұсынысынан бас тартты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/photo_7810-300x166.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/photo_7810.jpg) Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Тайваньның модель агенттіктерінің ұсынысынан бас тартты, — деп хабарлайды [Vesti.kz](http://vesti.kz/) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 17 жастағы сұлу спортшыға ірі сауда орталықтарының, соның ішінде, Breeze Center-дің ресми тұлғасы болуға ұсыныс айтылған, бірақ ол бас тартып отыр. Толығырақ [мына жерден](http://vesti.kz/volleyball/193162/) оқи аласыздар. Еске сала кетейік, Сабина Алтынбекова екі аптаның ішінде Интернеттің жұлдызына айналған еді. Ол жастар құрамасының Азия чемпионатына қатысуы кезінде танымал болды. Турнирдің ең әдемі волейболшысы атағы — спортшыға көрсетілген азғана құрметтің бірі. Бұған дейін Алтынбекованың Қазақстанда (Ақкөл қаласында) фан-клубы пайда болғаны хабарланды. Мұндай фан-клубтар Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Таиланд пен Тайваньда да бар. Әлеуметтік желілерде оған арналған топтар мен аккаунттар ашылып жатыр. Модель агенттіктерінің ұсыныстарына келсек, Сабина Алтынбекова бұған дейін келешекте [тек қана спортпен](http://kaz.tengrinews.kz/allsports/sabina-altyinbekova-kazakstanda-kyizdardyin-bar-adem-255750/) айналысатынын мәлімдеген болатын.

Тектес:[Модельный бизнес](http://kaz.tengrinews.kz/tag/%D0%9C%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B9%20%D0%B1%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D0%B5%D1%81), [Тайвань](http://kaz.tengrinews.kz/tag/%D0%A2%D0%B0%D0%B9%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D1%8C)

Осы жердесіз: [Негізгі бет](http://kaz.tengrinews.kz/) » [Спорт](http://kaz.tengrinews.kz/sports/) » [Спорт](http://kaz.tengrinews.kz/allsports/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/altynbekova-tayvan-model-agenttikterini-synysynan-bas-tartty-425872](https://yvision.kz/kk/post/altynbekova-tayvan-model-agenttikterini-synysynan-bas-tartty-425872)