---
title: "«Алтын ханшайым» Теректіден табылды"
description: "03.10.12.Орал қаласынан 80 шақырым жердегі Теректі ауданынан жасы 2,5 мың жылға кететін ғажайып..."
author: "AIKYN"
published: "2012-10-03T05:52:15+00:00"
modified: "2012-10-03T05:52:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/altyn-hanshayym-terektiden-tabyldy-293959"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/altyn-hanshayym-terektiden-tabyldy-293959/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Алтын ханшайым» Теректіден табылды

> 03.10.12.Орал қаласынан 80 шақырым жердегі Теректі ауданынан жасы 2,5 мың жылға кететін ғажайып...

** ****03.10.12.

![«Алтын ханшайым» Теректіден табылды](http://www.aikyn.kz/images/stories/03.10.12/1-bet-zhadiger.jpg)

Орал қаласынан 80 шақырым жердегі Теректі ауданынан жасы 2,5 мың жылға кететін ғажайып жәдігер табылды. Ол - әйелдің мүрдесі. Денесі алтынмен апталған... **** **

****

Қолжетімді дерек­терге қарағанда, «Ал­­­тын ханшайым» табыл­­ған қорған тоналма­ған, бү­тін сақталған. Ар­хеолог­тар моладан көп­теген алтын әшекей тап­қан. Әрине, бұлардың бәрі бүгінгі ғылым үшін қол жетпес құнды зат болып табылатыны белгілі» деп жазады centrasia.ru.сайты Батыс Қа­зақ­станда шығатын «Уральская неделя» басылымының сайтына сілтеме жасап. Жергілікті жұрт «Алтын ханшайым» деп ат қойып үлгерген құнды жәдігер тамыз айында белгілі болған­ға ұқсайды. Бірақ облыс әкімшілігі әзірге ол жөнін­де хабар таратпауды жөн көрген секілді. Себебі бүгінгі күні ұлттық символымызға айналып үлгерген Есік­тен табылған Алтын адамнан еш кем түспейтін ғажайып дүние болғандықтан, алдымен бұл туралы Астана, Елбасы хабардар болуы керек деп шешкенге ұқсайды. **Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/altyn-hanshayym-terektiden-tabyldy-293959](https://yvision.kz/kk/post/altyn-hanshayym-terektiden-tabyldy-293959)