---
title: "«Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман ойыншы"
description: "«Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман ойыншы Зинедин Зидан. Зиданның жеткен жетістіктері мен алған ат..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-10T23:26:25+00:00"
modified: "2013-11-10T23:26:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/altyn-dopty-al-an-t-ysh-m-sylman-oyynshy-384303"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/altyn-dopty-al-an-t-ysh-m-sylman-oyynshy-384303/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман ойыншы

> «Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман ойыншы Зинедин Зидан. Зиданның жеткен жетістіктері мен алған ат...

[!\[Зинедин Зидан.\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131110140927.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131110140927.jpg)

«Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман ойыншы Зинедин Зидан. Зиданның жеткен жетістіктері мен алған атақ-беделдерін саралап көрелік.

-Үш дүркін ФИФА ұйғарымымен Әлемнің үздік футболшысы: 1998, 2000, 2003.

-«Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман футболшы (1998 жыл).

-Әлем чемпионатында жақсы ойын көрсеткені үшін шағын «Алтын доптың» игері (2006 жыл).

- УЕФА басшылығының анықтауынша соңғы 50 жылдағы үздік футболшы (2004).

-Франция чемпионатындағы ең жас ойыншы (1993 жыл).

-Италияның А Сериясындағы италияндық емес үздік ойыншы (3 мәрте, 1997, 2000, 2001 жылдар).

- Испанияның Ла Лигасында «Don Balon» тұжырымдамасын алған футболшы (1 рет, 2002 жыл).

- Испанияның Ла Лигасында «El Pais» беделді сыйлығын алған ойыншы (1 мәрте, 2002 жыл).

- Франция елінің жыл футбошысы (2 мәрте, 1998, 2002 жылдар).

-УЕФА Чемпиондар Лигасында ең жоғары бағаланған футболшы (2002 жыл).

-УЕФА Чемпиондар Лигасындағы ең үздік жартылай қорғаушы (1998 жыл).

-Әлемнің үздік 100 футболшысының және де «ФИФА 100» деп аталатын таңдаулылар тобына есімі кірген.

- ІҒҒНS футбол тарихы және Халықаралық футбол ұйымының ұйғарымы бойынша ең үздік жартылай қорғаушы (2006 жыл).

-Зинедин Зидан туралы көптеген туындылар жарық көрген. Әдебиет әлемінде неше түрлі кітаптар жарық көріп, оқырманға жол тартты. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/altyn-dopty-al-an-t-ysh-m-sylman-oyynshy-384303](https://yvision.kz/kk/post/altyn-dopty-al-an-t-ysh-m-sylman-oyynshy-384303)