---
title: "«Алтын Қалам» жүлдесінің ережелері"
description: "«АЛТЫН ҚАЛАМ 2014» ТӘУЕЛСІЗ ӘДЕБИ ЖҮЛДЕНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР «АЛТЫН ҚАЛАМ» тәуелсіз жүлде (ке..."
author: "danchigabana"
published: "2014-04-23T01:06:35+00:00"
modified: "2014-04-23T01:06:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/altyn-alam-zh-ldesini-erezheleri-410867"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/altyn-alam-zh-ldesini-erezheleri-410867/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Алтын Қалам» жүлдесінің ережелері

> «АЛТЫН ҚАЛАМ 2014» ТӘУЕЛСІЗ ӘДЕБИ ЖҮЛДЕНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР «АЛТЫН ҚАЛАМ» тәуелсіз жүлде (ке...

**«****АЛТЫН ҚАЛАМ** **2014» Т****ӘУЕЛСІЗ ӘДЕБИ ЖҮЛДЕНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ**

**ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР**

«АЛТЫН ҚАЛАМ» тәуелсіз жүлде (келесіде - Жүлде) ақпан – сәуір айлары келесі мақстатармен өткізіледі:
- Еліміздің жас жазушыларын таныту;
- Заманауи қазақстандық жазушылардың қатысуымен әдеби кештер мен мастер-класстарды ұйымдастыру

- Заманауи қазақстандық әдебиеттің базасын қалыптастыру және басып шығару.

**ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ**

Ұйымдастыру комитетінің құрамына жүлденің авторлары, серіктестер, демеушілер, қызығушылық танытқан ұйыдардың өкілдері кіреді.

Ұйымдастыру комитеті жүлдені және жүлдеге қатысушыларды марапаттау рәсімін ұйымдастырады.

Ұйымдастыру комитеті жіберілген шығармаларға пікір жазбайды, оларды авторға қайтармайды, баспаға шығару немесе басылу мақсатымен жібермейді. Сонымен қатар ұйымдастыру комитеті сайысқа ұсынылған жұмыстардың авторларымен хат алмаспайды.

Ұйымдастыру комитеті abai.kz сайтында ең жоғарғы бағаға ие болған шығармалардың авторларына сайыс қорытындыларын мәлімдейді және сол авторларды марапаттау рәсіміне шақырады.

**ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ МЕН МАРАППАТТАУ РЕТТІЛІГІ**

Барлық жұмыстар abai.kz сайтында (келесіде Сайт) орналасатын болады.

Дауыс беру сайт оқырмандарының ең үздік шығарманы таңдауымен жүргізіледі. Оқырмандар лайықты әдеби үлгілерге 2014 жылдың 1 маусымына дейін дауыс береді.

Нақты бір номинацияда ең көп дауысқа ие болған автор, сол номинацияда жеңімпаз атанады. Жеңімпаздан аз дауыс, ал басқа қатысушыларға қарағанда ең көп дауыс жинап алған автор дипломант атанады. Екі автор ең көп дауыс жинаған жағдайда, Ұйымдастыру комитетінің қалауымен екі автор да жеңімпаз болып немесе біреуі – жеңімпаз, екіншісі – дипломант болып атанады. Сонымен қатар, жүлденің бірнеше дипломанты болуы мүмкін, егер де олар бірдей дауыс санына ие болған немесе дауыстар санының айырмашылығы байқалмаған жағдайларда.

Ұйымдастыру комитеті сайт оқырмандарының дауыс беруін есептеу арқылы қатысушылардың арасынан әр номинацияда жеңімпаздар тізімін анықтайды. Дауыс беру қорытындысы марапаттау рәсіміне дейін жарияланбайды.

Ұйымдастыру комитеті жүлдеге қатысушылармен хат алмаспайды және де жарияланған шешім ақырғы болып табылады.

Демеушілер, жеке дара ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер ұйымдастыру комиетінің келісімімен сайыстың арнайы бәйгелерін тігуі мүмкін.

Жүлде жеңімпаздарына дипломдар 25 маусым 2014 жылы Алматы қаласында өтетін марапаттау рәсімінде беріледі.

Қатысушының марапттау рәсіміне жеткізілуі өзі арқылы жүзеге асырылады.

**ЖҮЛДЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ, СЕРІКТЕСТЕРІ МЕН ДЕМЕУШІЛЕРІ**

- Досым Сатпаев

- Қуат Домбай

- Расұл Жұмалы

- Кенже Жұманұлы

- Айдос Сарым

**ЖҮЛДЕГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР**

Танымалдылығына, кәсіби дайындығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне, тұратын орынына және т.б қарамастан кез келген адам жүлдеге қатысуға құқылы.

Сайысқа тек қазіргі кезде өмір сүріп жатқан авторлардың жұмыстары қабылданады.

Жүлдеге қатысатын шығарманы тек оның авторы немесе соавторы ұсынуы тиіс. Жасырын түрде, автордың шынайы (паспорттық) атымен емес лақап атымен және де үшінші жақтан жіберілген шығармалар қарастырылмайды.

Шығармалар орыс және қазақ тілінде жазылуы керек.

Жүлдеге қатысушылар бірнеше номинацияда сайысуы мүмкін.

Әр қатысушы бір жанрда 3 шығармадан көп жібермеуі тиіс.

Ірі проза (романдар, тым ұзақ шығармалар) және номинациялары жазылмаған, не 2014 жылдың жарияланған номинациясына сәкес келмеген шығармалар жүлдеге қабылданбайды.

Алдынғы жылдардың қайта жіберілген шығармалары; факспен, қолдан жазылған, 2014 жылдың номинацияларына сәйкес келмейтін жанрлар қарастырылмайды.

Ұйымдастырушы комитетінің мүшелері номинант ретінде жүлдеге қатыспайды.

 

**ШЫҒАРМАЛАРДЫ ҰСЫНУ ЕРЕЖЕСІ**

Шығармаларды ұсыну ұйымдастыру комитетінің [adebiet2014@gmal.com](mailto:adebiet2014@gmal.com) электронды мекен-жайына хат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

- Қатысушының тегі, аты-жөні (құжат бойынша), жасы, мекен-жайы, қысқаша шығармашылық баяндамасын, яғни, публикацияларымен жазбаша жұмыстары жайлы ақпаратпен қаматамасыз ету (ұйымдастыру комитетіне арналған мәлімет)

- Телефон нөмірі мен e-mail мекен-жайын жазу (ұйымдастыру комитетіне арналған мәлімет)

- Шығармалар электронды түрде болу керек (Microsoft Word не RTF форматында, Times New Roman не Arial Cyrillic қаріпінде, қаріп пішімі 12, тармақ арасы 1,5)

- Жоғарыдағы ақпараттарды толтырып электронды хатты ұйымдастыру комитетіне жіберу сізді автоматты түрде сайыс ережелеріне келісуіңізді береді. Және де сіздің шығармаңызды болашақта қолдануға рұқсатыңызды береді (жүлдені алу үшін жіберілген «шығармаларды қолдану» бөлімімен төменнен танысыңыз).

 

Назарыңызға! Әдеби жүлде қатысушыларға жасырын түрде жүргізіледі. Жүлдені ұйымдастыру барысында жарыс қорытындысы қатысушылардың тіркеу мәліметтері тек ұйымдастырушы комитетімен сайт әкімшілігіне ғана мәлім болады. Болашақта тіркеу мәліметтері жасырын түрде сақталады. Егерде қатысушы сайт жұмысына белсене араласуға ниет білдірген жағдайда сайт авторларының қатарына кіреді. Бұл жағдайда мәлеметтер редакциадан өтіп телефон және мекен-жай туралы ақпараттар жасырын түрде болады.

Шығармашылық туындылар номинация бойынша 2014 жылдың 16 сәуірінен бастап, 2014 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады.

 

**ЖҮЛДЕ НОМИНАЦИЯЛАРЫ**

2014 жылы жүлде төмендегідей номинацияларды бәйгеге салады

- ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ

- ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ

- ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ДРАМАТУРГИЯСЫ

- ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ШЫҒАРМАСЫ

- ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН

 

**ШЫҒАРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ**

Автор өзінің шығармасын сайысқа жібере отырып, ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасының қалауымен жұмыстың Қазақстан Республикасының әр қалаларында басылып шығарылуына келіседі. Және де авторлық қаламақының төлеуін міндеттемейді.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс мәліметтері:

Электронды мекен-жайы: [adebiet2014@gmail.com](mailto:adebiet2014@gmail.com)

Телефон: 8 707 679 679 9

8 702 666 8 66 9

8 775 616 16 36

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/altyn-alam-zh-ldesini-erezheleri-410867](https://yvision.kz/kk/post/altyn-alam-zh-ldesini-erezheleri-410867)