---
title: "Алтай тауынан көне түрік тайпасына тиесілі мумия табылды"
description: "Мумиядағы киім мен әшекей әйелдің жоғары тап өкілі екенін растайды, ал киіміне кестеленген гүлдер н..."
author: "ehistory"
published: "2016-04-14T22:23:35+00:00"
modified: "2016-04-14T22:23:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/altay-tauynan-k-ne-t-rik-taypasyna-tiesili-mumiya-tabyldy-689265"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/altay-tauynan-k-ne-t-rik-taypasyna-tiesili-mumiya-tabyldy-689265/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алтай тауынан көне түрік тайпасына тиесілі мумия табылды

> Мумиядағы киім мен әшекей әйелдің жоғары тап өкілі екенін растайды, ал киіміне кестеленген гүлдер н...

![Алтай тауынан көне түрік тайпасына тиесілі мумия табылды](https://storage.yvision.kz/images/user/ehistory/5Fu5THMdw019qAhUyGzf8G1algR87c.jpg)

Мумиядағы киім мен әшекей әйелдің жоғары тап өкілі екенін растайды, ал киіміне кестеленген гүлдер нақты бір халыққа тиесілі өнер қолтаңбасы болып саналады екен

Жақында Моңғолияның Алтай тауларында, 2 800 метр биіктіктен мумия табылған. Археолог сарапшылардың пайымдауынша, мумия – біздің заманымыздың алтыншы ғасырында өмір сүрген түрік әйелі, оған кемінде 1 500 жыл болған.

![Алтай тауынан көне түрік тайпасына тиесілі мумия табылды](https://storage.yvision.kz/images/user/ehistory/FdpY70DvMFqz1sAxfHPA3mVKW8Dt4d.jpg)

Хабарламада жергілікті ауа-райының суықтығы және моланың 3 метр тереңдікте жатуы әйел денесінің жақсы сақталуына себеп болған делінеді. Бұл – теңіз деңгейінен осынша биіктіктен алғаш табылып отырған түріктік мумия болып есептеледі.

![Алтай тауынан көне түрік тайпасына тиесілі мумия табылды](https://storage.yvision.kz/images/user/ehistory/0D144M0Ryn9B6T4ssFPfGJ1tTa9Py8.jpg)

Кобдо музейінің Б. Сухбаатар есімді ғылыми қызметкері жерленген жерден садақ табылмауына байланысты дененің әйелге тиесілі екенін пайымдауға болады дейді. Сонымен бірге табылған заттардың ішінде ер-тұрман, тізгін, мата қиындылары, арқан, ағаш ыдыстар, қазан және теріден тігілген киімдер, т.б. заттар болған.[Толығырақ оқу](http://e-history.kz/kz/publications/view/1910)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/altay-tauynan-k-ne-t-rik-taypasyna-tiesili-mumiya-tabyldy-689265](https://yvision.kz/kk/post/altay-tauynan-k-ne-t-rik-taypasyna-tiesili-mumiya-tabyldy-689265)