---
title: "Алматыны не үшін жақсы көреміз?"
description: "Осы материалмен жаңа айдарымыздың тұсауын кесіп, келесі жазбаларда Алматы тұрғындары мен Алматыға ғ..."
author: "Arsik"
published: "2013-03-25T00:35:35+00:00"
modified: "2013-03-25T00:35:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyny-ne-shin-zha-sy-k-remiz-342123"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyny-ne-shin-zha-sy-k-remiz-342123/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыны не үшін жақсы көреміз?

> Осы материалмен жаңа айдарымыздың тұсауын кесіп, келесі жазбаларда Алматы тұрғындары мен Алматыға ғ...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/TyH9NCKNGyp690hPky4sqRjKe2vkwi.jpg)

*Осы материалмен жаңа айдарымыздың тұсауын кесіп, келесі жазбаларда Алматы тұрғындары мен Алматыға ғашық жандармен сұхбаттасуды жоспар етіп құрдық. Алғашқы материалымыз Алматыны жақсы көретін себептер тізімінен басталады.*

* ![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Yd2KKChAT4mAab4Q7s3SiMG7G3STLs.jpg) *

- Таулары үшін: Алмарасаннан сәл көтерілгендегі көрініс

- Таңы үшін: таң енді ғана атып келе жатқандағы тыныштық пен нәзіктік

- Түнгі өмірі үшін: қай лаундж, кафеге бармасаң да, әйтеуір бір таныстарыңды кездестіресің

- Кішкентай сүйкімді кофеханалары үшін

- Әдемі, сәнді, еркін жастары үшін

- «Ақ сарай» театры үшін

- Ұлттық кітапхананың бай мұрағаты үшін

- Арзан таксиі үшін

- Ең күшті балериналары үшін

- Еш қай жерде болмайтын Джаззистаны үшін

- Қыста сноуборд, коньки, шаңғы теуіп жүрген белсенді тұрғындары үшін

- Ең бай букинист дүкендері үшін

- Динамо стадионында жүгіріп жүрген әжелер мен аталары үшін

- Буккроссинг сияқты қызықты шаралары үшін

- Талантты суретшілердің көрмелері үшін

- Төлебаев көшесі үшін

- Күзгі уақытта керемет пейзаждары үшін

- Дизайн, фотография мен IT салаларында жұмыс жасап жүрген талантты мамандары үшін

- Қазақфильм киностудиясы үшін

- Көк-төбе үшін

- Ең үлкен мұз айдыны Медеу үшін

- Керемет концерттер өтетін Республика сарайы, Қазақ концерт пен Студенттер сарайы үшін

- Шулы қаладан демалуға болатын Ботаникалық бақ үшін

- Зообақ үшін

- Панфилов паркіндегі тазалық пен тыныштық үшін

- Қашан барсаң да музыка ойнап тұратын, әдемі картиналарды алмасаң да, суретшілердің өнеріне тамсандыратын Арбат үшін

- Демалуға, тыныш отырып кітап оқуға ыңғайлы Меганың артында ағып жатқан Алматинка өзені үшін

- Президент саябағындағы әдемі фонтандар үшін

- «Неделька», «Театралка», «Төлебайка» сынды сквер, парктері үшін

- Алматының ескі бөлігі үшін: өзіңді қаланың бір бөлшегі сезінесің

- Абай-Абылайхан көшелерінің қиылысында орналасқан дөнер кафесі үшін

- Мәдени, қоғамдық іс-шаралар көп болатындығы үшін

- Қонаев-Шевченкодан жүретін кофейня-тармвай үшін

- Құбылмалы ауа-райы үшін, адамның көңіл-күйіне ұқсас...

*Бұл тізімді пікір арқылы бірге жалғастыруға баршаңызды шақырамыз.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyny-ne-shin-zha-sy-k-remiz-342123](https://yvision.kz/kk/post/almatyny-ne-shin-zha-sy-k-remiz-342123)