---
title: "«Алматыкітап баспасы» ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департамент..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-08-12T05:21:32+00:00"
modified: "2016-08-12T05:21:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatykitap-baspasy-zhymy-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-706792"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatykitap-baspasy-zhymy-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-706792/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Алматыкітап баспасы» ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департамент...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің *(Бұдан әрі – Департамент)* қызметкерлері ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексін» түсіндіру мақсатында «Алматыкітап баспасы» ЖШС-да *(Бұдан әрі – Серіктестік)* семинар-кеңес өткізді.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары мен Қылмыстық кодексінің іске асыру тетіктерін атап, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністері туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларының тәртібі жөнінде айтып өтті.

Мекеменің Бірінші Вице-президенті Татьяна Шакилова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру және кәсіп саласында әкімшілік тосқауылдарды жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабар етіп, мемлекеттік органдармен атқарылып жатқан жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету және ҚР Заңның талабына сай бірінші басшылармен азаматтарды жеке қабылдау туралы мәселелерді көтерді.

Іс-шара сұрақ – жауап форматында өтті.

![«Алматыкітап баспасы» ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/u31Glx0RK4NC42Nn9LhAOIDlCudHEd.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatykitap-baspasy-zhymy-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-706792](https://yvision.kz/kk/post/almatykitap-baspasy-zhymy-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-706792)