---
title: "Алматыда жуық арада қатты жер сілкінісі болмайды"
description: "Сейсмикалық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері 70% ықтималмен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді...."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-04T11:09:34+00:00"
modified: "2024-03-04T11:09:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-zhuy-arada-atty-zher-silkinisi-bolmaydy-1001862"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-zhuy-arada-atty-zher-silkinisi-bolmaydy-1001862/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда жуық арада қатты жер сілкінісі болмайды

> Сейсмикалық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері 70% ықтималмен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді....

*Сейсмикалық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері 70% ықтималмен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді.*

Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 04 наурыз күні 12 сағат = 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.

4.03.2024 жылы 11:22 мин (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды.

Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды.

"Сейсмикалық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді.

Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады.

Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.

Алматы қаласының ТЖД

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-zhuy-arada-atty-zher-silkinisi-bolmaydy-1001862](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-zhuy-arada-atty-zher-silkinisi-bolmaydy-1001862)