---
title: "Алматыда жол қауіпсіздігі қатаң бақылауда"
description: "Алматыда 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Алматыда жол жағдайы тұрақты және бақылауда: бағдаршамдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қаланың негізгі көлік артериялары қолмен реттеуге көшті. Ата-аналардың..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-04T08:57:32+00:00"
modified: "2024-03-04T08:58:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-zhol-auipsizdigi-ata-ba-ylauda-1001858"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-zhol-auipsizdigi-ata-ba-ylauda-1001858/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда жол қауіпсіздігі қатаң бақылауда

> Алматыда 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Алматыда жол жағдайы тұрақты және бақылауда: бағдаршамдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қаланың негізгі көлік артериялары қолмен реттеуге көшті. Ата-аналардың...

*Алматыда 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.*

![Алматыда жол қауіпсіздігі қатаң бақылауда](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/dfae2260b69d99f979ea8366261296.jpg)

Алматыда жол жағдайы тұрақты және бақылауда: бағдаршамдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қаланың негізгі көлік артериялары қолмен реттеуге көшті. Ата-аналардың бір мезгілде балаларын үйлеріне алып кетуіне байланысты, қаладағы мектептер мен балабақшалар аумағында көлік қозғалысы көбейген. Бұл азғантай кептеліс әдеттегі мәселе ретінде шешілуде; Алматыдан барлық бағыттар бойынша шығатын жол ашық, көлік ағынының өткізуі қалыпты режимде жұмыс істеуде. Жанармай құю бекеттеріндегі жағдай да тұрақты: көлік кептелісі жоқ. Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-zhol-auipsizdigi-ata-ba-ylauda-1001858](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-zhol-auipsizdigi-ata-ba-ylauda-1001858)