---
title: "Алматыда «Жастелеком» семинар-кеңесі өтеді"
description: "11 және 12 маусымда Алматыда «Қазақтелекомның» жас қызметкерлерінің - «Жастелеком» жастар ұйы..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2013-06-11T03:16:05+00:00"
modified: "2013-06-12T06:04:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-zhastelekom-seminar-ke-esi-tedi-357021"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-zhastelekom-seminar-ke-esi-tedi-357021/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда «Жастелеком» семинар-кеңесі өтеді

> 11 және 12 маусымда Алматыда «Қазақтелекомның» жас қызметкерлерінің - «Жастелеком» жастар ұйы...

11 және 12 маусымда Алматыда «Қазақтелекомның» жас қызметкерлерінің - «Жастелеком» жастар ұйымы мүшелерінің семинар-кеңесі өтеді.

«Жастелекомдықтардың» кеңесінде жастар саясаты мәселелері, ұйымның міндеттері мен мақсаттары, жоспарлары талқыланады. Сондай-ақ командада жұмыс істеу тренингтері өтеді.

«Қазақтелеком» жастарының «Жастелеком» ұйымы 2012 жылы құрылған. Бүгінгі таңда ұйымға 1 300 қызметкер мүше. Олардың барлығы бүкіл Қазақстан бойынша қайырымдылық және әлеуметтік маңызды шаралар өткізіп тұрады.

Осыдан бір жыл бұрын, 12 маусымда «Жастелекомның» бірінші жастар форумы өтті. Биылғы семинар-тренингтің негізгі міндеті – жас қызметкерлердің коммуникативтік, басқарушылық және кәсібилік құзырларын дамыту, оларды нәтижелі диалог жүргізуге, мәмілелер жүргізуге үйрету, көшбасшылыққа баулу болып табылады.

«Қазақтелекомның» стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетажиевтің айтуынша, бұл шара компанияның жас қызметкерлерін оқыту міндетін іске асырып қана қоймай, жас белсенділердің өмірін, олардың әуес істерін, қажеттіліктерін зерделеуге мүмкіндік береді.

Компанияның Басқару және персоналды дамыту департаментінің директоры Даляпраз Бөкетованың айтуынша, Жастар кеңесі «Жастелекомның» белсенді мүшелерінің атсалысуымен «Қазақтелеком» компаниясының Жастар саясатын әзірлеп отыр. «Бұл құжат компанияның бизнесін табысты дамыту мақсатында жастардың зияткерлік әлеуеті мен инновациялық белсенділіктерін дамытуды қамтамасыз етуге жағдай жасауға бағытталған», деп атап көрсетті Д.Бөкетова ханым.

Айта кету керек, бүгінгі таңда «Қазақтелекомда» 35 жасқа дейінгі 11 403 адам қызмет етеді. Оның ішінде, 79 адам мемлекеттік, салалық және корпоративтік наградалдарға ие. 25 пайызының компаниядағы ең өтілі 5 жылдан асады.

Семинар-кеңес екі күнге созылады. Бүгін, мысалы, алғашқы күні, жиынға қатысушылар медиациямен танысты және іскерлік келіссөздер жүргізу тәжірибелерін шыңдады.

![Алматыда «Жастелеком» семинар-кеңесі өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/1FYah0mkAgrf7Qi3mkoMcewY8iHwjc.jpg)

«Жастелеком» жастар ұйымы кеңесінің төрағасы Дәурен Нұров.

![Алматыда «Жастелеком» семинар-кеңесі өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/Npu0w2ONPh3EhfCpMuk3e6LW4hQ64x.jpg)

«Қазақтелеком» АҚ Басқару және персоналды дамыту департаментінің директоры Даляпраз Бөкетова

![Алматыда «Жастелеком» семинар-кеңесі өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/3T97Uo96RMWvcUSUvN7zJhcQNDEsSa.jpg)

![Алматыда «Жастелеком» семинар-кеңесі өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/9IR1236K1l5g46ga37q15Gbp97D4m0.jpg)

12 маусымда «Жастелеком» мүшелерін қызықты дәрістер, «дөңгелек үстел» отырыстары күтіп тұр. Толығырақ кешке тағы жазамыз:)

 

**UPDATE:**

 

** **

** **Бүгін Жастелекомдағы семинар-кеңестің екінші күні аяқталды. Соңында, әдеттегідей, қорытынды шығарылды. Жастар ұйымы құрылған бір жыл ішінде оның қатысушыларының саны 400 процентке артты. Өткізілген шаралардың жалпы саны - 170, олардың арасында қайырымдылық акциялары да бар.

Мақсаттар мен міндеттер және алдағы жылдардың жоспарлары айқындалды. Жастелеком ұйымының құрылымы мен біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Кеңес өте шабытты көңіл-күймен аяқталды – біз болашақты жасаймыз!

![Алматыда «Жастелеком» семинар-кеңесі өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/oLVKvADH3sFSYjirodEWUwe80pZDAR.jpg)

Жастелекомдағы семинар-кеңестің екінші күні

![Алматыда «Жастелеком» семинар-кеңесі өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/ugEnww0qJ5gyvsE9EFyvZXY2F48RON.jpg)

Олег Борецкий энергияның өзгеруі туралы айта келіп, Өмір дегеніміз - бұл сенің беретінің деді. Басты ұстаным: жақсымен бөлісеміз, жаманды өзгертеміз.

![Алматыда «Жастелеком» семинар-кеңесі өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/aSyFuhTsg4nlt5UhaJucO8SKfG0J3V.jpg)

Жастелекомдағы кофе-брейк

![Алматыда «Жастелеком» семинар-кеңесі өтеді](https://storage.yvision.kz/images/user/yourkazakhtelecom/a9ltb6Y13Qfhp2juDnM68ahS34MIHB.jpg)

Жастелеком

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-zhastelekom-seminar-ke-esi-tedi-357021](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-zhastelekom-seminar-ke-esi-tedi-357021)