---
title: "Алматыда заңсыз жүрген 30-ға жуық африкалық ұсталды"
description: "Алматыда Африка елдерінен келген 28 заңсыз келімсек анықталды. Бұл өткен күні қаланың көші-қон..."
author: "jan.123"
published: "2024-02-07T09:11:48+00:00"
modified: "2024-02-07T09:11:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-za-syz-zh-rgen-30-a-zhuy-afrikaly-staldy-1000808"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-za-syz-zh-rgen-30-a-zhuy-afrikaly-staldy-1000808/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда заңсыз жүрген 30-ға жуық африкалық ұсталды

> Алматыда Африка елдерінен келген 28 заңсыз келімсек анықталды. Бұл өткен күні қаланың көші-қон...

Алматыда Африка елдерінен келген 28 заңсыз келімсек анықталды.

![Алматыда заңсыз жүрген 30-ға жуық африкалық ұсталды](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/05b0cf67b08a9f37af0cc36b352a1d.jpg)

Бұл өткен күні қаланың көші-қон қызметі жүргізген мақсатты іс-шараның нәтижесі. Келімсектер қаланың әртүрлі нысандарынан табылды.

Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бүтіншиновтің айтуынша, олардың басым бөлігі қабылдап-тарату орнына орналастырылған.

«Нәтижесінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 16 шетелдік азамат ПД-нің қабылдап-тарату орындарына орналастырылды, Африка елдерінің тағы 8 азаматы үшін Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын басқа да заң бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - дейді Бүтіншинов.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-za-syz-zh-rgen-30-a-zhuy-afrikaly-staldy-1000808](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-za-syz-zh-rgen-30-a-zhuy-afrikaly-staldy-1000808)