---
title: "Алматыдағы ерекше BMW"
description: "BMW Z8 – ерекше көлік. Себебі, бүгінге дейін әлемдегі бұл автомбоильдің саны өте аз және дәл осы кө..."
author: "diyas_valikhan"
published: "2016-01-14T04:53:12+00:00"
modified: "2016-01-14T04:53:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-y-erekshe-bmw-672996"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-y-erekshe-bmw-672996/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыдағы ерекше BMW

> BMW Z8 – ерекше көлік. Себебі, бүгінге дейін әлемдегі бұл автомбоильдің саны өте аз және дәл осы кө...

![Алматыдағы ерекше BMW](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/d5602513a-1074x483.jpg)

BMW Z8 – ерекше көлік. Себебі, бүгінге дейін әлемдегі бұл автомбоильдің саны өте аз және дәл осы көлікте 1999 жылы Пирс Броснан «Әлемге бергісіз» (THE WORLD IS NOT ENOUGH) филімінде қарақшылармен айқасқан болатын.

[!\[Алматыдағы ерекше BMW\](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/d5602513a-704x468.jpg)](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/d5602513a.jpg)

Алғашқыда автомобиль BMW 507 (1956 — 1959) классикалық родстерінің құрметіне концепт – кар ретінде құрастырылған болатын және ең алғаш 1997 жылы Токиодағы авто – шоуда Z07 ретінде таныстырылған. Концепт – кар халықтың көңілінен шыққаны себепті көлікті сериялы өндіріске жіберуді жөн көреді.

[!\[Алматыдағы ерекше BMW\](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/bmws-that-will-be-missed-bmw-507-photo-gallery_7-704x520.jpg)](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/bmws-that-will-be-missed-bmw-507-photo-gallery_7.jpg)

Z8 – ді құрастыру барысында құрастырушылар классикалық 507 — дегідей алюминийді молынан пайдаланды. Нәтижесінде автомобиль қаңқасы жеңіл, ал шасси икемдірек болып шықты (ось бойынша салмақтың таралуы 50/50).

[!\[bmwZ8_2\](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/bmwZ8_2-704x528.jpg)](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/bmwZ8_2.jpg)

Ұзын алюминді капот астында родстерге бар – жоғы 4,5 секундта 100 км/сағ жылдамдықты алуға мүмкіндікті беретін BMW M5 E39 – дағы сияқты күші 400, көлемді V8 (4,9 литр) мотор орналастырылған.

[!\[2001-BMW-Z8-engine\](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/2001-BMW-Z8-engine-704x469.jpg)](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/2001-BMW-Z8-engine.jpg)

1999 бен 2003 жылдар аралығында бар жоғы 5703 автомобиль құрастырылған, ал бұл көліктің бүгінгі таңдағы бағасына әсер еткені сөзсіз. АҚШ – та 1999 жылғы алғашқы бағасы $128 000 (қазіргімен $183,400) болса, қазір айдалған Z8 $200,000 — дан $300,000 — ға дейін (күйіне байланысты) бағаланады. Және бағасы жыл сайын өсе бермек.

[!\[BMW-Z8-006\](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/BMW-Z8-006-704x528.jpg)](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/BMW-Z8-006.jpg)

Енді менің осы ерекше көлікті Алматы көшелерінде кездестірген кездегі таңданысымды елестетіп көріңізші. Құнын жоғалтпайтын, қайта жыл сайын қымбаттай түсетін санаулы көліктердің бірі бұл. Ерекше жағдай емес пе? Қалай ойлайсыз?

[!\[bmw_z8_almaty (3)\](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/bmw_z8_almaty-3-704x528.jpg)](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/bmw_z8_almaty-3.jpg)

[!\[bmw_z8_almaty (2)\](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/bmw_z8_almaty-2-704x528.jpg)](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/bmw_z8_almaty-2.jpg)

[!\[bmw_z8_almaty (1)\](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/bmw_z8_almaty-1-704x528.jpg)](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/bmw_z8_almaty-1.jpg)

Автомобиль әлемінің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе [Facebook](https://www.facebook.com/diyas.valikhan) және [Instagram](https://instagram.com/diyas_valikhan/) — да, көліктерге видео — шолу көргіңіз келсе [Youtube](https://www.youtube.com/channel/UCIkhRh04ceUFdbFVi3k1hgQ) — та маған жазылыңыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-y-erekshe-bmw-672996](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-y-erekshe-bmw-672996)