---
title: "Алматыдағы аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін ұсталды"
description: "Әлеуметтік желіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлерінің Алматы қаласындағы..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-04T09:46:25+00:00"
modified: "2024-01-04T09:50:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-y-audan-kimini-orynbasary-para-al-any-shin-staldy-999549"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-y-audan-kimini-orynbasary-para-al-any-shin-staldy-999549/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыдағы аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін ұсталды

> Әлеуметтік желіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлерінің Алматы қаласындағы...

Әлеуметтік желіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлерінің Алматы қаласындағы Жетісу ауданы әкімінің орынбасарын ұстап жатқан видеосы ( https://www.instagram.com/p/C1q5B_aMYPG/ ) тарады.

![Алматыдағы аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін ұсталды](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/a66b02663fe5459c6a6a4929ce89ce.jpg)

Ұсталған шенеунік жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілініпті.

«Бұл сома мемлекеттік сатып алу шарттарын бекітуге, атқарылған жұмыс актісіне қол қоюға көмектескені және жалпы қамқорлығы үшін берілген», – делінген Антикор хабарламасында.

Қазір Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-y-audan-kimini-orynbasary-para-al-any-shin-staldy-999549](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-y-audan-kimini-orynbasary-para-al-any-shin-staldy-999549)