---
title: "Алматыда веложарыс өтеді"
description: "19 мамырда Алматыда Халықаралық Олимпиада күніне арналған веложарыс өтеді, деп хабарлайды BNews...."
author: "kazsportagent"
published: "2013-05-15T22:14:25+00:00"
modified: "2013-05-15T22:14:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-velozharys-tedi-352781"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-velozharys-tedi-352781/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда веложарыс өтеді

> 19 мамырда Алматыда Халықаралық Олимпиада күніне арналған веложарыс өтеді, деп хабарлайды BNews....

[!\[Алматыда веложарыс өтеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/ff954a7ed1764480f30ffd020ffe717b-300x224.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/05/ff954a7ed1764480f30ffd020ffe717b.jpg)

 

19 мамырда Алматыда Халықаралық Олимпиада күніне арналған веложарыс өтеді, деп хабарлайды [BNews.kz](http://bnews.kz/kk/) тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Веложарысқа Азияның ІХ клубтық чемпионатында алтын медальді иеленген «Астана» алматылық клубының ватерполистері, сондай-ақ «Бірінші болу батылдық» қайырымдылық марафонының ұйымдастырушылары қатысады.

Веложарыс бағыты: Әл-Фараби даңғылынан, Тәттімбет көшесінің бұрылысы (үңгіртау) – Әл-Фараби даңғылымен – Науаи көшесіне дейін – Мұстафин көшесіне дейін.

Веложарысқа қатысушылар сағат 08:00-де жиналады. Веложарыс 08:30-да басталады. Белгіленген нүкте – Тұңғыш Президент саябағы. Жарысқа белсенді қатысқандар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Қатысамын деушілердің барлығына есік ашық!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-velozharys-tedi-352781](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-velozharys-tedi-352781)