---
title: "Алматыда велошеру өтеді"
description: "Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Респ..."
author: "aibarrysdaulet"
published: "2016-06-10T05:46:55+00:00"
modified: "2021-04-23T11:24:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-velosheru-tedi-697073"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-velosheru-tedi-697073/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда велошеру өтеді

> Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Респ...

Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өтізіледі.

Велошеру келесі бағыт бойынша өтпек: «Нұрлы Тау» БО-нан 09:00-де бастау алып, Тұңғыш Президент саябағында аяқталады.

Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы ескертеді: барлық қатысушыларда арнайы шлемдер болуы керек, бұл міндетті талап, онсыз вело шеруге қатысуға рұқсат етілмейді!

Жексенбілік спорттық іс-шаралар вело шеруден кейін Дуатлоннан өтетін Республикалық турнирімен жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, бұл күні Алматы қаласында бірнеше спорттық іс-шаралар өтеді деп күтілуде:

Сағат 11:00де Орталық стадионда мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спартакиада;

Сағат 11:00де Орталық демалыс саябағында әуесқой бокстан турнир өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-velosheru-tedi-697073](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-velosheru-tedi-697073)