---
title: "Алматыда толассыз жауған қардың салдарынан ЖКО саны көбейді"
description: "Алматыда ауа райының бұзулуына байланысты қала көшелерінде 140 жол-патрульдік полиция экипажы қызме..."
author: "mvdgovkz"
published: "2013-11-21T21:15:03+00:00"
modified: "2013-11-21T22:17:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-tolassyz-zhau-an-ardy-saldarynan-zhko-sany-k-beydi-386097"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-tolassyz-zhau-an-ardy-saldarynan-zhko-sany-k-beydi-386097/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда толассыз жауған қардың салдарынан ЖКО саны көбейді

> Алматыда ауа райының бұзулуына байланысты қала көшелерінде 140 жол-патрульдік полиция экипажы қызме...

Алматыда ауа райының бұзулуына байланысты қала көшелерінде 140 жол-патрульдік полиция экипажы қызмет атқаруда, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасай отырып. Таяуда Алматы қаласының жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жалпы жолдағы қауіпсіздікті сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Осыған орай, экипаждар мен жол-патрульдік полиция саны көбейтіліп, жол қозғалысы қатаң бақылауға алынды, делінген ақпаратта. «Кезекшілік кезінде өткен тәулікте қоғамдық тәртіп пен қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін 420 полицей мен 140 патрульдік автокөлік жұмылдырылды. Сондай-ақ, осы уақытта ІІД-нің Жедел басқару орталығына 176 жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат келіп түсті. 30 ЖКО-да 28 адам жарақаттанып, 1 адам қаза тапты. Нақтырақ айтсақ, 48 жастағы жаяу жүргінші әйел көз жұмды»,- деді Алматы қаласы ІІД ӘПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жандос Мұраталиев

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-tolassyz-zhau-an-ardy-saldarynan-zhko-sany-k-beydi-386097](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-tolassyz-zhau-an-ardy-saldarynan-zhko-sany-k-beydi-386097)