---
title: "Алматыда өтетiн бокстан әлем чемпионатына 600 боксшы қатыспақ"
description: "Бокстан «Алматы-2013″ әлем чемпионатына дүниежүзiнiң 118 мемлекетiнен шамамен 600 боксшы қатысады д..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-09-11T23:01:48+00:00"
modified: "2013-09-11T23:01:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-tetin-bokstan-lem-chempionatyna-600-boksshy-atyspa-373539"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-tetin-bokstan-lem-chempionatyna-600-boksshy-atyspa-373539/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда өтетiн бокстан әлем чемпионатына 600 боксшы қатыспақ

> Бокстан «Алматы-2013″ әлем чемпионатына дүниежүзiнiң 118 мемлекетiнен шамамен 600 боксшы қатысады д...

# [!\[бокстан әлем чемпионаты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/20121104105644-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/09/20121104105644.jpg)

Бокстан «Алматы-2013″ әлем чемпионатына дүниежүзiнiң 118 мемлекетiнен шамамен 600 боксшы қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясы хабарлады.

«АИБА-ның бокстан Алматы-2013″ әлем чемпионатына дүниежүзiнiң 118 мемлекетiнен шамамен 600 боксшы қатысады деп күтiлуде», — делiнген федерацияның таратқан хабарламасында. Айта кетейiк, әлемдiк бiрiншiлiкте боксшылар АИБА-ның жаңа ережесi бойынша, шаршы алаңда шлемсiз бокстасады. Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 14-26 қазан күндерi өтедi.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-tetin-bokstan-lem-chempionatyna-600-boksshy-atyspa-373539](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-tetin-bokstan-lem-chempionatyna-600-boksshy-atyspa-373539)