---
title: "Алматыда танымал әртістердің есімдері берілген көше..."
description: "Бүгін Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясы өтті. Онда депутаттар мегаполистің бірқатар көшелеріне жаңа атаулар беру жөніндегі ұсынысты қолдады. Алматы қаласы мәслихаты ресми сайтының хабарлауынша, К.Тимирязев көшесінен басталған..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-30T09:20:35+00:00"
modified: "2024-05-30T09:20:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-tanymal-rtisterdi-esimderi-berilgen-k-she-ataulary-bekitildi-1005142"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-tanymal-rtisterdi-esimderi-berilgen-k-she-ataulary-bekitildi-1005142/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда танымал әртістердің есімдері берілген көше...

> Бүгін Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясы өтті. Онда депутаттар мегаполистің бірқатар көшелеріне жаңа атаулар беру жөніндегі ұсынысты қолдады. Алматы қаласы мәслихаты ресми сайтының хабарлауынша, К.Тимирязев көшесінен басталған...

*Бүгін Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясы өтті. Онда депутаттар мегаполистің бірқатар көшелеріне жаңа атаулар беру жөніндегі ұсынысты қолдады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/bff2bac4ffe266108cf9df6f8c7bb4.jpg)

Алматы қаласы мәслихаты ресми сайтының хабарлауынша, К.Тимирязев көшесінен басталған Ю.Гагарин атындағы даңғылдың бір бөлігі Ермек Серкебаевтың есімімен, ал Әуезов ауданындағы Юбилейная көшесі Владимир Толоконниковтың құрметіне аталды.

Сондай-ақ Алматыда атаусыз көшелер азайып жатыр. Бостандық және Түрксіб аудандарында екі көшеге Ескендір Хасанғалиев пен Юрий Померанцев есімдері берілді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/9b2da63c1d940f5e8357c23695c22c.jpg)

Ермек Серкебаев – Қазақстанның халық әртісі. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі болған. Көрнекті қазақстандық әнші халық әндерін, романстарды, классикалық және кеңестік шығармалардың басты опералық партияларын қазақ, орыс және басқа тілдердегі орындаған.

Владимир Толоконников – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Қырықтан астам фильмге түскен. Алматыдағы М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері болды.

Ескендір Хасанғалиев – Қазақстанның халық әртісі, әнші және композитор, «Анаға сәлем» және «Гүлсезім» сияқты танымал әндердің авторы.

Юрий Померанцев – Қазақстанның халық әртісі. «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі арқылы танымал болған актер, режиссер және педагог.

Қазақстан [өнеріне еңбегі сіңген тұлғалардың есімдері Алматы көшелеріне берілейін деп жатқанын](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-y-gagarin-da-ylyny-zho-ar-y-b-ligini-atauy-zgeredi-1004661) бұрын хабарлағанбыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-tanymal-rtisterdi-esimderi-berilgen-k-she-ataulary-bekitildi-1005142](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-tanymal-rtisterdi-esimderi-berilgen-k-she-ataulary-bekitildi-1005142)