---
title: "Алматыда таэквондодан «Федерация Кубогы» турнирі басталды"
description: "Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында WTF таэквондодан «Федерация Кубогы» республик..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-06-11T22:32:22+00:00"
modified: "2014-06-11T22:32:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-taekvondodan-federaciya-kubogy-turniri-bastaldy-417671"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-taekvondodan-federaciya-kubogy-turniri-bastaldy-417671/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда таэквондодан «Федерация Кубогы» турнирі басталды

> Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында WTF таэквондодан «Федерация Кубогы» республик...

[!\[Алматыда таэквондодан «Федерация Кубогы» турнирі басталды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/06/20140611123931-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/06/20140611123931.jpg)

Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында WTF таэквондодан «Федерация Кубогы» республикалық турнирі басталды.

«Бұл жарыс жоғары деңгейде өткізіледі деген ойдамыз. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 270 жуық спортшы қатысуда. Турнир басталып кетті. Ал ресми ашылу салтанаты сағат 15:00-те болады. Бұл бәсекенің бір ерекшелігі, бұрын жарыстарда төрт бұрышты доянг, яғни төсеніш қолданылып келсе, бұл жолы жаңа ережеге сәйкес, тұңғыш рет сегіз бұрышты доянгты қолданып жатырмыз. Ол таэквондошылардың көбірек қимыл-әрекет жасауына мүмкіндік береді. Турнирдің әділ өтетіндігіне сенемін. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады» — деді өз сөзінде таэквондодан мемлекеттік жаттықтырушы, Қазақстанның таэквондо федерациясының спорттық директоры, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шылманов.

Естеріңізге сала кетейік, жарысқа қатысатын таэквондошылардың жасы 17-ден кем болмауы тиіс.

![2](http://www.inform.kz/fotoarticles/20140611124024.jpg)

Басты сөздер: [Алматы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/253) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АЛМАТЫ. ҚаАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-taekvondodan-federaciya-kubogy-turniri-bastaldy-417671](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-taekvondodan-federaciya-kubogy-turniri-bastaldy-417671)