---
title: "Алматыда тағы да жер сілкінді"
description: "Бүгін Алматы қаласында тағы да жер сілкінді. Фото: РИА Новости \"ҚР ТЖМ \"Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы\" ЖШС сейсмикалық станциялар"
author: "orazali"
published: "2024-02-15T05:41:54+00:00"
modified: "2024-02-15T05:41:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-ta-y-da-zher-silkindi-1001174"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-ta-y-da-zher-silkindi-1001174/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда тағы да жер сілкінді

> Бүгін Алматы қаласында тағы да жер сілкінді. Фото: РИА Новости "ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар

Бүгін Алматы қаласында тағы да жер сілкінді.

![Алматыда тағы да жер сілкінді](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/fbc20e08f19272b4e676e70b7f6e11.jpg)

Фото: РИА Новости

"ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 15 ақпанда сағат 09.52-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде Қытай аумағында - афтершок орналасқан. Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында - 2 балл. Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді", - деп хабалады Төтенше жағдайлар министрлігі. @press_TJM

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-ta-y-da-zher-silkindi-1001174](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-ta-y-da-zher-silkindi-1001174)