---
title: "Алматыда шахматтан «KBTU-Open» республикалық турнирі аяқталды"
description: "Алматыда шахматтан орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында шахматтан «KBT..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-08-08T03:00:05+00:00"
modified: "2014-08-08T03:00:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-shahmattan-kbtu-open-respublikaly-turniri-aya-taldy-424503"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-shahmattan-kbtu-open-respublikaly-turniri-aya-taldy-424503/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда шахматтан «KBTU-Open» республикалық турнирі аяқталды

> Алматыда шахматтан орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында шахматтан «KBT...

[!\[Алматыда шахматтан «KBTU-Open» республикалық турнирі аяқталды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/photo_45391-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/photo_45391.jpg)

Алматыда шахматтан орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында шахматтан «KBTU-Open» республикалық турнирі мәресіне жетті. Бұл туралы бүгін Қазақстанның шахмат федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Басты жүлде — Қазақстан-Британ техникалық университетінің математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығы бойынша грантын халықаралық шебер, астаналық Аян Ахметов жеңіп алды. Аян жеті партияда жеңіске жетіп, екі партияны тең аяқтады. Нәтижесінде мүмкін болатының 9 ұпайдың 8-ін иеленді. Ал Аян Ахметовтан кейін бес бірдей қатысушы 6,5 ұпайдан жинады. Бірақ, Бухгольц коэфициенті бойынша екінші орын алматылық Иван Мезенцевке бұйырды. Үшінші орын да алматылық Ринат Әміржановтың еншісінде. Қыздар арасында Орал қаласынан келген Айсезім Мұхит ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Автор: [Жаппарберген Айбота](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/989)

Басты сөздер: [Алматы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/253) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-shahmattan-kbtu-open-respublikaly-turniri-aya-taldy-424503](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-shahmattan-kbtu-open-respublikaly-turniri-aya-taldy-424503)