---
title: "Алматыда сенаторлар Ұлттық гвардияның сарбаздарымен кездесті."
description: "Алматыда сенаторлар Ұлттық гвардияның сарбаздарымен кездесті. «BNews.kz», 06.05.2014ж. Бүгін ҚР Парл..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-05-05T22:14:24+00:00"
modified: "2014-05-05T22:14:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-senatorlar-ltty-gvardiyany-sarbazdarymen-kezdesti-412354"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-senatorlar-ltty-gvardiyany-sarbazdarymen-kezdesti-412354/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда сенаторлар Ұлттық гвардияның сарбаздарымен кездесті.

> Алматыда сенаторлар Ұлттық гвардияның сарбаздарымен кездесті. «BNews.kz», 06.05.2014ж. Бүгін ҚР Парл...

Алматыда сенаторлар Ұлттық гвардияның сарбаздарымен кездесті. «BNews.kz», 06.05.2014ж. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Алматыға сапармен келді. ҚР Ұлттық гвардия сарбаздарымен кездесу барысында делегацияға әскери жедел резервтердің әскери техникасы мен қару-жарағы таныстырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Атап айтсақ, депутаттар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5571 әскери бөлімінде, ҚР Ұлттық гвардиясы «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшенің әскери және әдістемелік дайындық орталығында болды.

«Біз қару-жарақты көрдік, ұлттық гвардияның дайындығымен таныстық. Мен сіздерге мынаны айтқым келеді, мемлекет тарапынан жеткілікті қаражат бөлініп жатыр. Ұлттық гвардияның алдына қойылған міндеттер өте маңызды. Біздің елімізде әлеуметтік маңызды бағдарламаларды орындау тек ішкі тұрақтылық пен мемлекетіміздің қауіпсіздігі жағдайында ғана мүмкін», - деді халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұхтар Алтынбаев.

Сондай-ақ кездесу барысында ҚР ІІМ арнайы мақсаттағы әскери және әдістемелік дайындық орталығы құрылысының алғашқы тасы қаланды. Орталық Ұлттық гвардия мен ішкі істер министрлігінің элитасын - «Бүркіт», «Арлан» және «Сұңқар» арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін дайындауға арналған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-senatorlar-ltty-gvardiyany-sarbazdarymen-kezdesti-412354](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-senatorlar-ltty-gvardiyany-sarbazdarymen-kezdesti-412354)