---
title: "Алматыда “Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2012″ үшінші аймақтық ортаазиялық форумы өтеді"
description: "Интернет-форум Алматыда 2012 жылдың 18-19 мамырында “Астана” қонақүйінде (Алматы қ., Байтұрсынов к..."
author: "aliziyadin"
published: "2012-05-13T04:00:10+00:00"
modified: "2012-05-13T04:00:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-ortaly-aziyada-y-internet-salany-damuy-internetca-2012-shinshi-ayma-ty-ortaaziyaly-forumy-t-261910"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/almatyda-ortaly-aziyada-y-internet-salany-damuy-internetca-2012-shinshi-ayma-ty-ortaaziyaly-forumy-t-261910/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Алматыда “Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2012″ үшінші аймақтық ортаазиялық форумы өтеді

> Интернет-форум Алматыда 2012 жылдың 18-19 мамырында “Астана” қонақүйінде (Алматы қ., Байтұрсынов к...

![](http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/10/2012/05/13/8a49f0f85e.jpg)

**Интернет-форум Алматыда 2012 жылдың 18-19 мамырында “Астана” қонақүйінде (Алматы қ., Байтұрсынов к. 113, Сәтбаев к. қиылысы) өтеді. Шара аясында сарапшылар Орталық Азия елдеріндегі Интернет желісінің дамуы мәселесін талқылайды. **

Шара аясында мемлекеттік органдардың өкілдері, парламентарийлер, дипломаттар, интернет-қауымдастық белсенділері, ҮЕҰ өкілдері, журналистер, заңгерлер, интернет-сарапшылар, академиялық орта және бизнес өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріндегі Интернеттің дамуы туралы пікірталастар болады.

Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Сорос-Қазақстан Қоры және Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Форумға қатысу үшін (қатысу тегін) [онлайн-тіркелуден](http://medianet.kz/1426) өту қажет.

Шараға қатысуға ниет білдіретін сарапшы-баяндамашыларға ұсынылған тақырыптар арасынан тақырып таңдау немесе Форум сессияларына сәйкес келетін өз тақырыбын ұсыну мүмкіндігі беріледі.

Баяндама тақырыбын бекіту үшін алдын-ала баяндаманың негізгі тезистерін тұжырымдап, [төмендегі талаптарға](http://medianet.kz/1422) сай презентация дайындау қажет.

Баяндамашылардың шараға қатысу шығындарын (жол, жатын орын, тамақтану) ұйымдастырушылар өз мойнына алады.

Ұйымдастырушылар серіктестік туралы ұсыныстарды қарастыруға әзір.

*Қосымша ақпарат үшін MediaNet ХЖО PR және жоба менеджерлері Василина Воркова ([vassilina.vorkova@gmail.com](mailto:vassilina.vorkova@gmail.com)) мен Дінмұхамед Зиядинге ([aliziyadin@gmail.com](mailto:aliziyadin@gmail.com)) хабарласуға болады +7 727 261 66 69, 261 27 90* * *

[Онлайн-тіркелу](http://medianet.kz/1420)

[Баяндамашылар үшін “Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2012″ үшінші аймақтық ортаазиялық форумға шақыру](http://medianet.kz/1424)

[“Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2012″ үшінші аймақтық ортаазиялық форумның баяндамалары мен баяндамашыларына қойылатын талаптар](http://medianet.kz/1422)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/almatyda-ortaly-aziyada-y-internet-salany-damuy-internetca-2012-shinshi-ayma-ty-ortaaziyaly-forumy-t-261910](https://yvision.kz/kk/post/almatyda-ortaly-aziyada-y-internet-salany-damuy-internetca-2012-shinshi-ayma-ty-ortaaziyaly-forumy-t-261910)